Қызылордада 5 қабатты үй өртенді

576

0

Қызылордада өрт сөндірушілер 19 адамды құтқарып, 50 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Бұл туралы облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен хабарлады.

Оқыс оқиға кеше түнгі сағат 1-лер шамасында Қызылорда қаласының «Ақмешіт» шағын ауданындағы 5 қабатты үйде тіркелді.

ТЖД күшімен гидравликалық құралдарды пайдалана отырып, люкті кесу арқылы шатырдағы үй-жайға кіру жүзеге асырылды. Жалпы ауданы 195 шаршы метр болатын қоқыс, тұрмыстық қалдықтар, ескі матрацтар, пластикалық бос ыдыстар жанған.

Жоғарғы қабаттағы пәтерлерден сыйымдылығы тұрмыстық газ баллондары шығарылды. Баспалдақ арқылы 50 адам эвакуацияланды. Оның 20-сы – бала.

Өрт сөндіру автосатысы арқылы 19 адам құтқарылды, оның 13-і- бала. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылы нәтижесінде өрт сағат 3-ке таяу толық жойылды.

Өрттің шығу себебін мамандар электр қалқанындағы қысқа тұйықталудан деп болжап отыр. Тұрғын үй жарықтан ажыратылып, екінші подъездің тұрғындары туысқандарының үйіне орналасты.

Полиция қызметкерлері подъезге күзет ұйымдастырды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт орнына облыстың ТЖ департаментінің 42 қызметкері мен 8 бірлік техника қатыстырылды.

Сб-ақпарат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз