Қызылордада үйінің ауласына сора өсімдігін еккен азамат ұсталды

554

0

Аймақта өткізіліп жатқан «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері  есірткі затына ұқсас өсімдікті өз үйінің ауласында заңсыз егіп-өсірген 46 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

         Оқиға орнына жедел-тергеу тобы қызметкерлері қарап-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 33 түп  заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөпті анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге алынған өсімдіктер құрамында есірткі заттары бар 2389,98 гр. сора тұқымдас есірткі өсімдігі табылады.          

Бұл дерек бойынша  Қылмыстық кодекстің  300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.  Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы қызылордалық полицейлер  15 есірткі құқық бұзушылығын анықтады.  Оның 8 дерегі есірткі егіп-баптау деректері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<