Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты өтеді

870

0

26-29 қараша күндері Ақмола облысының Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионатының алғашқы айналымы өтеді. Турнир Халықаралық шаңғы спорты федерациясының мұрындық болуымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Команда бас бапкері Александр Батяйкиннің айтуынша, чемпионатқа еліміздің тоғыз өңірінен спортшылар қатысады. Сондай-ақ, ұлттық құрама мүшелері де біріншілікте түгел бақ сынайды.

«Пандемияға байланысты біз біраздан бері оқу-жаттығу жиынын өткізе алмаған едік. Түмен қаласында жасанды қарда жаттығамыз деген жоспарымыз да орындалмай қалды. Десе де, 19 қазаннан бастап спортшылар дайындықты бастады. Чемпионатта шаңғы спорты жолға қойылған еліміздегі тоғыз өңірден спортшылар бақ сынайды. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толығымен сақтаймыз. Жарыс көрермендердің қатысуынсыз өтеді және жүз спортшыдан артық жиналуға рұқсат жоқ. Бірінші тур аяқталған соң жаттығу қайтадан жалғасып, жаңа жылға дейін екінші айналымды да ұйымдастырамыз», – деп келтіреді бас бапкердің сөзін Olympic.kz сайты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<