Шиелілік шаруалар қызу еңбек үстінде

535

0

Қуаңшылық зардабы тек батыс аудандарда ғана емес. Әдетте дария деңгейінің төмендігі, қар мен жауын-шашынның тым аз түсуі – аймақтың оңтүстігіне де әсер етуде. Бір ғана мысал, биыл Шиелі ауданы бойынша 134 мың тоннаға жуық шөп керек.

Ауданда қысқа түсетін төрт түліктің есебі анықталды. Бұл 74 мың 100 бас малды көрсетіп отыр. Осыған дайындалатын жем-шөптің көлемі де белгілі болды.  Қысқы мал азығын жинау туралы арнайы бекітілген жоспарға сүйенсек, 93 мың 400 тонна табиғи шөп керек.  Бұған қоса 40 мың тонна жоңышқа, 28 мың тонна сабан дайындалуы тиіс. Ал мал баққан шаруаға шөппен бірге қап-қап жем де қажет.

Қазір ауданда  99 100 тонна шөп жиналыпты.  Оның ішінде жоңышқа 33 200 тонна. Ірі кәсіпкерлер мен ерікті жас­тар, волонтерлар шөп оруға шақырылып, науқан барлық елді мекендерде өтіп жатыр.

– Шиелі ауданында 1776 гектар шабындық жер бар. Жоғарыда айтқан, мал азы­ғын дайындауға тартылған еріктілерді, «Жасыл ел» жас­тар еңбек жасақтарының сарбаздарын тасымалдау, қажетті құрал-жабдықтармен, тамақпен қамтамасыз ету жөнінде ауыл әкімдеріне тапсырма беріліп, өз деңгейінде ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, Арал ауданындағы қуаңшылыққа қатысты көмек беруде жергілікті халық тар­тынған емес. Мысалы, Шиелі ауданына бөлінген Арал­дағы Қосжар, Райым, Жетес би ауылдық округтерін қа­жетті шөппен қамтуда біраз жұ­мыстар атқарылды. Бұл қа­йырлы жұмыстарға өз ауда­нымыздағы шаруашылық төр­а­­ғаларының көмегі көп бол­ды десек те болады. Барлық мүмкіндікті қарастыра отырып, ол жаққа осы уақытқа дейін 115 тонна шөп тегін жіберілді, – дейді аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Әпетов.

Айта кетсек, облыста қысқы жем-шөп қорымен қам­тамасыз ету бойынша іс-шара жоспарындағы кестеге сәйкес, 21 тамызда Аралдағы жәр­мең­кеге Шиеліден арнайы 9 жүк көлігімен шөп, бір көлік күріш ұнтағынан жем арзан бағада жеткізілген.

Ержан ҚОЖАС,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<