Суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық берілуде

791

0

Биыл облыстағы шаруалар 188,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мың гектарға артық. Бірақ күріштің көлемі 5 мың гектарға азайтылып, суды аз қажет етітін дақыл көлемі көбейтілді.

– Өңірде егіншіліктің негізгі бағыты күріш шаруашылығы болып есептеледі. Бұл ең алдымен облыстың табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты. Дегенмен, соңғы жылдардағы су тапшылығына байланысты күріштің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 5,1 мың гектарға азайды. Мақсат суды үнемдеу арқылы ауыл шаруашылығын әртараптандыру. Биыл 96,6 мың гектар жерге дәндi дақылдар, 66,4 мың гектарға мал азықтық дақылдар, 18,5 мың гектарға картоп, көкөнiс, бақша өнімдері, 6,7 мың гектар жерге майлы дақылдар орналастырылады, – деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Шардара су қоймасынан секундына 250 текше метр, Көксарайдан 300 текше метр төменге тасталуда. Облысқа барлығы шамамен секундына 500 текше метр су келуде. Жалпы облыс аумағында 7 су қоймасы бар. Сыйымдылығы 37,9 миллион текше метрді құрайды. Оларға дариядан су алынбайды. Көктем кезінде қардың, жауын-шашынның суы жиналып, егістікке пайдалынады. – Суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. Яғни, осы арқылы егістікке пайдаланатын судың көлемі қысқарады.

Тайпақкөл, Қандыарал көлдер жүйесіне су жинап, деңгейін ұстап тұру жоспарланған. Ол экологиялық жағдайдың жақсаруына септігі тиеді. Көлдерге 200 миллион текше метр су жинап, 800 гектар суармалы жерлерді, 20 гектар көлдерді, 1 мың гектар шабындықтар мен жайылымдықтарды сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – деді облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<