Тыңайтқыштың тәуірі Жалағашта

637

0

Жалағаш кентінде тыңайтқыш шығарылуда. Өндіріске бет бұрған «Агрохимсервис-С» ЖШС бүгінде облыстағы шаруашылықтардың 90 процентін тыңайтқышпен және азотты құрамалармен қамтамасыз етіп отыр.

Құны 400 млн теңге тұратын зауытта 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Егіске қажетті негізгі элемент болғандықтан төтенше жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етілген. Барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, кәсіпорын ауылшаруашылық мекемелерін тыңайтқышпен қамтамасыз етті. Ауданға қарасты Мәдениет ауылындағы «Тайжан» шаруа қожалығы да осы серіктестіктің тыңайтқышын қолдануда. Биыл 73 гектар жерге күріш еккен қожалық егін бітік болғанын айтады.

– Ауданда бұрыннан танымал зауыт қой. Біз түйіршіктелген аммоний сульфатын алдық. Арнайылап қапталған түрі. Егінді кеше жинап болдық. Орташа өнім гектарына 50 центнерден кем болмайды деп отырмыз. Ал тыңайтқышқа келсек, келісімшарт жасасып, уақытылы қолымызға тиді. Өнімге әсері де жақсы, – дейді қожалық өкілі Ахан Дүйсебаев. 

Кәсіпорынның қуаттылығы – 120 тонна. Десе де, толық жүктемемен емес, 70-80 тонна өнім өндірумен шектеліп тұр. Айта кетейік,  тыңайтқыш түрлері шаруашылықтарға арнайы көлікпен тасымалданады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<