Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат

169

0

Жеңістің 80 жылдығы – бұл өткенге тағзым, бүгінге тағылым, болашаққа аманат. Соғыс ардагерлері – елдік пен ерліктің айқын бейнесі.

9 мамыр – батыр бабаларымыздың қанымен жазылған ұлы ерліктің символы, қайсарлық пен ерліктің мәңгілік ұраны. Халқымыздың батырлығы мен ержүректігін, елге деген адалдығы мен отансүйгіштігін әлемге танытқан тарихи мереке.

Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінен облыстағы майдангер аға ұрпақ өкілдері Қазалылық Тобабергенов Тілеуберген мен Сырдариялық Тасыров Яхия ақсақалдарды Жеңіс мерекесіне арналған облыстық ардагерлер кеңесінің Құттықтауын тапсырып сый сияпаттар жасалды. Майдангер ағалардың естеліктері мен өсиеттерін тыңдап, баталарын алды.

Біз сол ұлы ерліктің алдында тағзым етіп, бейбіт өмірдің қадірін терең сезінеміз. Ардагерлерімізге деген құрмет – бұл тек алғыс емес, ол – ұлттың ұрпағына артылған аманат. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз!

Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат

Облыстық ардагерлер кеңесінің баспасөз қызметі