WhatsApp қолданушылары Жаңа жыл мерекесі қарсаңында рекорд орнатты

1140

0

WhatsApp қолданушылары Жаңа жыл қарсаңында әлем бойынша бір күн ішінде 1,4 қоңырау шалып, рекорд орнатты.

Бұл туралы мессенджер иесі Facebook компаниясының жұма күні жариялаған баспасөз-баянынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агентігіне сілтеме жасап.

«Жаңа жыл қарсаңында әлем бойыша бір түнде 1,4 млрд дыбыс және бейнеқоңыру шалынған. Бұл WhatsApp арқылы бір күн ішінде хабар берудің ең жоғары көрсеткіші және ол өткен жылдың Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жасалған қоңыраулардан 50% артық»,-делінген хабарламада. Компания өкілдері сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында Facebook пен Instagram арқылы 55 млн-нан астам трансляция жүргізілгендігін мәлім етті.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<