Жағдай тұрақты, әзірлік тыңғылықты

411

0

Облыста коронавирус инфек­ция­сының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілді. Қазір жағдай тұрақты. Медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Бүгінде 3500 медицина қызметкерінің резерві құрылды.

Сонымен қатар қаладағы 200 орындық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, көпбейінді облыстық ауруханада және Қазалы ауданаралық ауруханасында демеу­шілер есебінен оттегі станциясы салынуда.

– Модульді инфекциялық ауруха­наның құрылысы желтоқсан айының бірінші онкүндігінде аяқталады. Онда науқастардың ем алуына толық жағдай жасалады. Жергілікті дәрігерлер жұмыс істейді, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Жыл басында облыста өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратының саны 76 болса, қазір  244-ке жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<