Жалпы инвестицияның 53,6%-і Қызылорда қаласының үлесінде

1730

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдап, облыс орталығында атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдады.

Ағымдағы жылы қалада өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 440,2 млрд теңгеге жетіп, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 110,9 пайызға артығымен орындалып, 128,4 млрд теңгені құрады. Облысқа тартылған инвестицияның 53,6 пайыз Қызылорда қаласының үлесіне тиген.

 Индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай қалада өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 67,5 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар толық іске қосылғанда  1000-нан аса қызылордалық жұмыспен қамтылатын болады», – деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы негізінде бүгінгі таңда жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрайтын 139 жоба қаржыландырылса, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру бағыты бойынша комиссия шешімімен құны 56,5 млн теңге болатын 30 адамның жобасы қолдау тапқан.

«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» жеңілдікпен несиелеу арқылы ағымдағы жылы құны 968,3 млн теңгені құрайтын 13 жоба қаржыландырылған.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында қала бюджетіне 10 млрд. 889,7 млн. теңге бөлініп, 55 жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде бірнеше мәдениет, білім нысандары күрделі жөндеуден өткізіліп, «Тағзым» мемориалы, «Сыр Ана» монументі, «Темір жол» паркі, Назарбаев даңғылы абаттандырылды. Көппәтерлі тұрғын үй аулаларына 30 спорттық және 3 стритбол алаңдары, 70 дана аялдама орнатылды. 2 млрд. теңгеге 68 көшеге тротуарлар салынған.  Аталған жобалар аясында барлығы 5379 жұмыс орындары құрылды.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Ақсуат ауылдық округіндегі №143 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, 16 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Кездесу соңында өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа облыс орталығының экономикалық даму деңгейін арттыру бағытында тапсырмалар жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<