Жамбыл облысы: Жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жетті

780

0

Жамбыл облысында әскери бөлімде болған өрт пен жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігі мәліметтеріне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің 11-і – әскери қызметшілер.

Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынан жарылыс болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<