Әке көрген оқ жонар

760

0

Биыл ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында ел шебіндегі жасыл күнқағарлылар қалт етпей, тәуліктің қай уақытында болмасын ұлан-байтақ жеріміздің әр пұшпағына жау шаппасын деп, бөгде елдің азаматы баспасын деп, ауа райының ыстық-суығына қарамастан сенімді қызмет атқарып келе жатыр.

Ал сол жолдағы қабілеттілікті жетілдіруге, шекара күзетінде төзімділікті арттыруда – әскерилер үшін дене дайындығы мықты болуы басты талап екені барлығымызға мәлім.

Жастайынан осы талапты қатаң сақтап, оны сүйікті ісіне айналдырған шекарашылар үшін күнделікті үйреншікті нәрсеге айналғандай. Шекарашылардың бойына сіңген осындай қасиеттер отбасына, яғни олардың балаларына да даритыны сөзсіз.

«Әке көрген оқ жонар» демекші, бүгінгі кейіпкеріміз Владислав Рыбалкин. Әке жолын қуып, спортқа ден қойып өскен Владислав «Қайсар» футбол клубының жастар құрама командасының тәрбиеленушісі. Әкесі департаменттің мемлекеттік шекараны күзету бөлімінің консультанты майор Евгений Рыбалки заманында бокс және жекпе-жек спорт түрлерімен айналысқан. Әскери спорттық бағдарлаудан спорт шеберін алған. Кішкентайынан спортқа жақын отбасында өскен Владислав, футболдан бөлек қоян-қолтық ұрыс түрінен екі дүркін облыс чемпионы атанған.

11 жасар Владислав өзі тұратын әскерилерге арналған тұрғын-үйдің ауласында нағыз футболшы атанып кеткен. Доп десе ішкен асын жерге қоятын ол, допты шебер алып, түрлі фиттер жасаумен өзімен жасты балаларды таң қалдырып үлгерген. Әкесінің айтуынша,клубтың командасына кіргені жақында болса да, кішкентайынан осы спорттың түріне әуес болған екен. «Қайсардағы» жаттығулары дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта таң атысымен күнделікті болады. Ойынның шеберлігін шыңдау үшін ата-анасы оған барлық керекті құрал-жабдықтар мен спорттық киімдерін алып берген. Бүгінде ол кәсіби бапкерлерден сабақ алып жатыр.

Владислав, түрлі футбол лигаларының ойындарын сүйсіне қараймын. Әлемдік деңгейдегі Месси, Роналдо, Дрогба сынды атақты футболшылардың жанкүйерімін және олардың футбол алаңындағы ойындарының ешқайсысын қалт жібермей қараймын. Олардың әрқайсысының ойын стильдерін жаттап алып, өзім де соны қайталауға әрекеттенемін. Футбол мен үшін өте маңызды, күнделікті жаттығуға таңертеңімен тұра сала, бетімді жумастан асыға барамын. Әрине мен сабақ оқуды да, қоян-қолтық ұрыспен айналысуда ды ұмытқан емеспін. Алайда өскенде атақты футболист болуды армандаймын, – деп өз сырымен бөлісті.

Дені сау жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің болашағы. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауларында атап өткен. Осындай салауатты өмір салтын ұстанхан жас кейіпкерімізге өзінің сүйікті ісінің шыңына жетіп, болашақта әлем ареналарын бағындыра беруге шын жүректен тілектеспіз.

Т.Серікқалиев,

Капитан, ҚР ҰҚК ШҚ ӘПҚБ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<