«AMANAT» партиясы отбасы мәселелері жөнінде кеңес өткізді

515

0

Фото: «AMANAT» партиясы

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыруға кедергі келтіретін мәселелер жайы партияның облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес отырысында қаралды.

Отырысқа  партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, кеңес төрағасы Райкүл Байназарова, фракция мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, фракция мүшесі, облыстық Әкелер кеңесінің төрағасы Ержан Искендир және кеңес мүшелері мен тиісті сала мамандары қатысты.

Жиын барысында ерекше балаларды қоғамға,  мәдени және рухани дамуына тарту үшін білім беру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету сияқты қызметтерге деген ерекше қолжетімділікпен қамту маңыздылығы айтылып, аталмыш мәселе бойынша жүзеге асырылатын барлық іс-шаралар партияның ерекше бақылауында екені аталып өтті.

Жиынға ұсынылған мәселелер толық талқыланып, біршама қатысушылар ойларын ортаға салып,  пікірлерін айтты. Жиналыс барысында аталған бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар хаттамаға енгізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<