АПТА АҒЫМЫ (20-24 мамыр)

213

0

Фото: ашық дереккөз

Облыс әкімі кестеге сай қабылдау өткізді

Апта барысында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев кестеге сәйкес қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, облыс әкімі гранты арқылы ЖОО түсу секілді мәселелерді көтеріп, қолдау көрсетуді сұрады.
Өңір басшысы қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштері бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Мәселен, I топ мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмыспен қамту, II топ мүгедегі, асыраушысынан айырылған тұрғынның өтініші бойынша баласын облыс әкімінің грантымен медицина академиясына түсіру жолдарын қарастыруды тапсырды және барлық мәселе өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Cыр жастары баспаналы болды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас отбасыларға «Сыр жастары» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының сол жағалауынан салынған 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында алғаш рет несиелендіру жолымен қолға алынып отырған «Сыр жастары» бағдарламасы «Отбасы банк» акционерлік қоғамымен бірлескен жоба.
«Отбасы банк» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру үшін облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге және жобаны жүзеге асыру үшін «Отбасы банк» АҚ 500 млн теңге қаржы бөлінді.
Бағдарлама аясында ҚР азаматы болып табылатын, 35 жастан аспаған, тұрақты жұмыс істейтін, Қызылорда облысында тұрақты тіркеуі бар 60 жас отбасы баспаналы болды.

Тоқсандық жұмыс сараланып, алдағы міндеттер пысықталды
Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалымен жиын өткізіп, алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстарды саралады.
Жиында партия филиалының, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мен партиялық бақылау комиссиясының тоқсандық атқарған жұмысының есебі берілді.
Партия филиалымен атқарылған жұмыстарды Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова, фракция жұмысын облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Жорабек Нұрымбетов, партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыстары төңірегінде комиссия төрағасы Нұркен Бақытбекұлы баяндады.
Партия Хатшысы жалпы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да партия филиалына Сайлауалды бағдарламаның орындалуын қатаң бақылауға алу, сайлаушылардың талап-тілегінің сапалы орындалуын талдап отыру секілді бірқатар міндеттер жүктеді.

«Жер аманаты» жобасының орындалуы пысықталды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен филиал жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Сырдария, Жаңақорған аудандарында «Жер аманаты» жобасының іске асырылу барысы, сондай-ақ өңірде пайдаланылмай немесе заңсыз, мақсатсыз пайдаланылып жатқан жерлерге қатысты шара қолдану мәселелері қаралды.
Жалпы Сырдария, Жаңақорған аудандары бойынша ағымдағы жылы 14000 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекетке қайтару жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге жалпы көлемі 9575 га жер қайтарылды.
Жиын барысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы жауапты мамандарға қайтарылған жерлерді халық игілігіне жарату үшін қайта табыстау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді атап өтіп, комиссия отырысы хаттамасымен қала, аудан әкімдеріне жер иелерімен жұмыс жүргізуді және мал басы тіркелмеген жағдайда оларды қайтару жөнінде шаралар қабылдау, Сырдария, Жалағаш аудандарындағы суармалы жерлерде дақылдарды кезектестiрудiң схемасын ұстанбай пайдалану жағдайлары бойынша ескертіп, заң талаптарының орындалуын сақтау жөнінде ұсыныс жолданатындығын атап өтті.

Партиялық жобалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған

Партияның облыстық филиалының Атқарушы Ләйлә Төрешова партиялық жобалардың өңірлік жетекшілерімен кездесті. Кездесуде жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар сараланып, оларды халыққа кеңінен насихаттау бағытындағы ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Жалпы бүгінгі күні «AMANAT» партиясы әрбір мақсатты топтарға арналған түрлі бағыттағы 16 жобаны жүзеге асырып келеді. Әрбір жоба мақсатты топтарға арналған. Жыл басынан бүгінгі күнге партиялық жобалар аясында түрлі бағыттағы 500-ден астам іс –шаралар ұйымдастырылып, проблемалық мәселелер шешімін табуда.

«Қарызсыз қоғам» оқу семинарының түлектеріне сертификат табысталды
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы апталық оқу семинары өз мәресіне жетті. Оқу сабақтарына бұл аптада Арал, Қазалы, Қызылорда қаласының 300-ге жуық тұрғыны қатысып, қаржылық сауатын арттырды. Олар 5 күн бойы қаражатты ұтымды, тиімді, оңтайлы басқару жайын, алаяқтық әрекеттерді анықтаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді.
Бүгін барлық түлектерге «Қарызсыз қоғам» жобасының арнайы сертификаттары табысталды. Қызылорда қаласында өткен семинар қатысушыларына сертификатты партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова тапсырды.
Бүгінде бұл жоба Қызылорда облысында қарқынды іске асып келеді. Өңірде ағымдағы жылы 8000 адамды оқыту жоспарланған болса, қазіргі кезде 3000 – ға мыңға жуық азамат оқытылып, сертификаттар табысталды. Олардың қатарында ардагерлер де бар.

Қан орталығының құрылысы партия бақылауында

Партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов партияның облыстық және қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелерімен бірге қаланың сол жағалауындағы салынып жатқан «Қан орталығы» құрылысына мониторинг жүргізді.
Мониторингтік топ құрылыс жұмыстарын зерделеп, мердігерлерге халық игілігіне бағытталған әлеуметтік нысанның сапасы мен мерзіміне екеше мән беруді тапсырды.

Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.
Жиынға партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган мен «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейін төмендету және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, өңір жастарын қолдау, шығармашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар талқыланды.

Кеңестердің бірескен отырыс өтті
Партияның облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және Халықты әлеуметтік қорғау», «Білім және Денсаулық сақтау» мәселелері бойынша аймақтық кеңестердің бірлескен отырысы өтіп, онда «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен сауықтыру» мәселесі, сонымен қатар облыстық жастар денсаулығы орталығының 2023-2024 жылдар аралығындағы атқарған жұмыстары қаралды.
Көгалдандыру, көркейту жұмыстарымен танысты
Партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңес мүшелері қаланы көркейту, көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, зерделеу жасады.
Кеңес мүшелері алдымен орталық көшелердегі гүлзарларға гүл егу, көгалды күтіп ұстау, қураған ағаштарды кесу, балақтау, арамшөптерді тазалау бағытында жасалып жұмыстармен танысты.

Партияластар ауыл әкімі сайлауында жеңіске жетті

Қармақшы ауданына қарасты 1 кент және 2 ауылда әкімдер сайлауы өтті. Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының талаптарына сәйкес өткізілген саяси додаға «AMANAT» партиясы да өз үміткерлерін қосқан болатын.
Нәтижесінде Жосалы кенті әкімінің лауазымына партия атынан ұсынылған Алмасхан Досмұратов 5 872 дауыспен сайланса, Ақжар ауылы әкімі болып Нұржамал Тұрсынбаева және ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі болып Жеткерген Қалымбетов халық сеніміне ие болды.

Тұрғындар өтініші оң шешілді

Жұмыс аптасында партия алаңында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Мади Әліп, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында партияның облыстық филиалының заңгері Сәбитбек Алшынбеков, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Нұркен Бақытбекұлы, Аида Абибуллаева, Шиелі аудандық партия филиалында облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Мақұст Нәлібаев, Сырдария аудандық партия филиалында фракция мүшесі Балжан Шәменова көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың ұсыныс –тілектерін тыңдады.
Қабылдаулар барысында азаматтардан 14 өтініш түсіп, олардың 7-і оң шешілді. 7 мәселеге қатысты қолданыстағы заңдар аясында түсміндірме жасалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<