Бағдарлама жаңа мазмұнда жүзеге асады

294

0

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі дамытуды көздейді. Осы уақытқа дейінгі жүзеге асырылған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Жол картасы-2020», «Рухани жаңғыру», «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» мемлекеттік бағдарламалары аз уақыттың ішінде өз нәтижесін берді. Ендігі міндет – табысты елге айналу. 

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы ең алдымен қо­ғамдық сананың өз­герісіне бағытталған. Өз Отанын, туған жерін да­мы­туға жан­ашырлықпен үлес қоса­тын азаматтардың қа­та­­­рын көбейту – біздің бас­ты мақсатымыз. Бүгінгі Жол­дауда елімізді дамытудың барлық салалары бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мәселен,  Жастар жылы, «Ауыл – ел бесігі», «Өз жеріңді танып, біл!», мектептерде әскери-патриоттық тәр­бие жұмыстарын дамыту жо­балары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-мін­деттерімен үндесіп жатыр.

Алдағы уақытта жаңа жобалар, өзге­ше форматтағы шараларды жоспарлау­ды қолға аламыз. Бұл бағыттағы жұмыс­тарды қазірден бастап кеттік. Жаңа ғимаратта орналасқан орталық мазмұнды әрі нәтижелі істердің ұйытқысы болмақ.

«Туған жер», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» кіші бағдарламалары аясында жастардың бәсекелік қабілетін арттыру, туған жер­ді түлету, жас ұрпақты отан­сүйгіштікке тәрбиелеу, ішкі және сыртқы туризмді дамыту, мұғалім мәртебесін көтеруге байланысты жобалар іске асырылып келеді. Келешекте бұл бастамалар нақты жоспар бойынша орындалмақ.

Елбасы Жолдауында білім, ғылым, денсаулық сақтау сала­ларының қыз­мет көрсету сапасын жақ­сарту, кәсіби білік­ті мамандармен қамтамасыз ету міндет­терін орындауды тап­сырды. Мектепке дейінгі бі­лім беру, орта білім беру сапасын жақсарту, ЖОО бітірушілерінің жұмысқа орна­ласуына байланысты көрсет­­кіштерін айқындау нақты нәти­жеге жетуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті қолдау, аграр­лық сектор мен жеңіл өнеркәсіпті жетілдіру мемлекеттің бәсекелік қабілетін арттырады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен стратегиялық құ­жаттардың орындалу барысы мен нәтижесіне Ұлттық жаңғыру офисі мониторинг жасап отырады. Саннан – сапаға, сөзден іске көшетін уақыт келді.

Бір сөзбен айтқанда, мемле­кеттік қыз­меткерден бастап әрбір азамат елдің дамуына сапалы қызмет көрсетсе, нағыз табысты мемлекетке айналарымыз сөзсіз.

Гүлмира ӘШІРБЕКОВА,

облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<