Мамин мен Мәсімов – сыныптастар

1593

0

  Бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов пен қазіргі премьер Асқар Мамин сыныптастар болып шықты. Олар Киров атындағы №1 целиноградтық мектепте оқыған. Екі шенеуніктің бір сыныпта түскен суретін Кәрім Мәсімов жариялады, – деп жазады stan.kz.

Бұл мектеп математиканы тереңдете оқытатын кеңестік кезеңдегі ең абыройлы мектептің бірі болған. Мектепте ең үздік мұғалімдер сабақ берді. Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов те бірге білім алды.

“Балалар мектепте жақсы оқыды. Мамин бірінші қатардың ортасында отыратын. Мен қазір зейнеттемін, қатаң мұғалім болдым. Тәртіп бұзғандарды жазалайтынмын. Асқарды да бұрышқы тұрғыздым. Жалпы, ол салмақты бала еді. Кәрім де жақсы оқушы болды”, – деп еске алады ұстаздары Елена Нефедова.

Бұл мектепте Мәсімов 4-сыныпқа дейін, Мамин соңына дейін оқыған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<