Баспаналы болуға жеңілдіктер бар

310

0

Баспаналы болуға  жеңілдіктер бар Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етубойынша мемлекеттік тұрғын үй құрылысы және ипотекалық несиелеу бағдарламаларытұрғындардың басым бөлігіне қаржылай қоры мен тұрақты табыс көзі бар болғанжағдайда жеңілдетілген негізде тұрғын үй алуға мүмкіндік беруде. 

 

Аталғанмәселенің маңыздылығын ескере отырып, облыс әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызметістері және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойыншадепартаментінің ұйымдастыруымен мәжіліс өтті. Оған «Тұрғын үй құрылыс жинақбанкі» АҚ облыстық филиалы, тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттікмекемелер мен жеке ком­па­ниялардың басшылары қатысты. 

–Облысымызда бой көтеріп жатқан тұрғын үй саны жыл сайын артып келе жатқанынбілеміз. «7-20-25» жаңа ипо­текалық бағдарламасы азаматтар­ды қолжетімді тұрғынүймен қамта­ма­сыз етуге зор серпін береді. Осы бағ­дарламаның игілігін көріп,арма­нындағы баспанаға қол жеткізуді мақсат етіп жүрген мемлекеттікқыз­меткерлер де бар. Сондықтан ұзақ жыл­дарға несие алып баспаналы болғалыотырған мемлекеттік қыз­метші 20 жылдан кейін де өзінің құнын жоғалтпайтындайбаспанаға қол жет­кізу үшін мемлекеттік қызметшілер үйін салу туралы бастаманыкөтеріп отыр­мыз, – деді департамент басшысы А.Мұхимов.

Аймақтамемлекеттік қызметші­лердің әлеуметтік қорғау шаралары жағ­дайына байланыстыдепартамент мо­ниторинг жүргізген болатын. Онда қала және барлық аудандар толыққамтылды. 

Қазіргітаңда облыста мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3738 бірлік болса,мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 3567 адамды құрап отыр.

Жүргізілгенталдау нәтижесі көр­сеткендей, облыстағы мемлекеттік ор­гандардың 56 қызметкерітұрғын үймен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде жергілікті атқарушыоргандардың мемлекеттік қызметшілерден қыз­мет­тік үй алуға жалпы 85 өтінішберілген. Мемлекеттік органдармен ұсынылған ақпаратты саралау барысында облыскөлемінде 1389 мемлекеттік қыз­метші тұрғын үйге мұқтаж екендігі анықталды.Оның ішінде тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңнама талаптарына сәйкес 396 қызметкертұрғын үй кезектілігіне алынған. 

«Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиал директоры Әділжан Сәулебаевтыңмәлімдеуінше, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай, сол жағалаудан пәтер алуүшін жеңілдіктер қарастырылып отыр. Яғни, 1 шаршы метрі 140 мың теңгеден 120мың теңгеге дейін арзандатылған. Айта кету керек, жылдың аяғына дейін 14 үйпайдалануға беріледі. Демек, 604 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді. 

 

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<