Дәдікбаевтың дәстүрлі степендиясы табысталды

494

0

Бүгін №37 мектеп лицейде соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Аталған іс-шараға шаруашылық өкілдері қатысып, жылдағы дәстүр бойынша ауылшаруашылығы саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Қожабек Дәдікбаев атындағы степендияны табыстады.

Сонымен қатар мектеп бітіруші түлек, оқу озаты, “Алтын белгіге” үміткер Рамазан Айжан Нұржанқызына серіктестік директорының Алғыс хаты табысталып, қаржылай сыйлық берілді.

Шәкірақы иегерлері: Қайратұлы Мирас – 11 сынып окушысы, оқу озаты, Батырбеккызы Лаура – 10 сынып оқушысы, оқу озаты, республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңінің жүлдегері, Асан Назым Серікқызы – 9 сынып оқушысы, оқу озаты, «Ұлы өнертапқыштар» ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңінің жүлдегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<