ЕКПЕНІҢ ДЕ ЕМІ БАР

311

0

Күннің салқындап, ауа райының құбылуы түрлі жұқпалы аурулардың өршуін қоздырады. Әсіресе, тұмау мен жедел респираторлы-вирусты инфекциясы үшін қолайлы кезең. Сондықтан аурумен күрес шараларын қолға алу маңызды болмақ.
Облыс көлемінде 1 қазаннан бастап жылдағы дәстүр бойынша тұмау мен жедел респира­торлы-ви­­русты инфекциясына қарсы егу жұ­мыстары жүргі­зілуде.
Егу жұмысының барысын бі­лу мақсатында қаладағы ең ірі ем­деу, алдын алу мекемесінің бірі – №3 емхана мамандарымен ха­барласқан едік.
Белгілі болғанындай, мұнда биылғы жоспарға сай 6500  до­за вакцина бөлініп, 1-5 қазан аралы­ғын­да 2115 адамға екпе жүргізілген. Ма­­ман­­дар егу нау­қанының бі­рін­­ші желтоқ­сан­ға дейін жал­ға­­са­ты­нын айтты. Сондай-ақ, тұмау жыл сайын түрін өзгертіп отыра­тын­дықтан, оған қар­сы егілетін препараттардың күші бір жылға дейін әсер етеді екен. Сонымен қатар, шығарылған күн­нен бастап бір жылға дейін жарамды. Жалпы дәрігерлер, тұ­мауға қарсы егілген адам егер ауыра қалса инфекция жеңіл өте­тінін, асқы­нулардың азая­тынын айтады. Бүгінде тұр­ғын­дарға Ресейдің «Гриппол» вак­ци­насы егілуде.
Жалпы, биылғы маусымға облыс бойынша 66,5 млн теңге бөлініп, 88300 доза вакцина сатып алынды. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 3,4 есеге артық. Яғни, 2017-2018 жылғы эпидмаусымда 19,4 млн теңгеге 21666 доза вакцина алынған болатын.  
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу мақсатында емханада бір­­қатар шаралар қолға қолын­ған. Мәселен, мұнда дене қызуы кө­терілген, аталған ауру түр­леріне тән белгілері бар нау­қас­тарды арнайы «фильтр» каби­нетінде бөлек қабылдау жүргізіп, әр са­ғатқа бөлінген кесте бойынша дәрігерлер алғашқы көмек көр­сетіп, ем тағайындайды. Медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтау үшін сұйық сабынмен, шынтақ дозаторымен, салфеткамен, бір реттік бет­­перде және қолғаптармен жет­кілікті қаматамасыз етілген. Ем­хана тарапынан ЖРВИ және тұмаумен науқастанғандарды ер­те анықтау, уақытылы есепке алу мақсатында кіреберіс есік алдында орналасқан анық­та­малық бөлім медбикесі әр­бір қаралушыдан аталған ау­­ру­ларға тән белгілердің бар-жо­­ғын сұрап, егер қандай да бір шағымы болса, бірден бір­реттік бетперде беріп, фильтр ка­би­нетіне жолдайды және сол жерде барлық емдеу-сауықтыру шара­лары жүргізіледі.
Мамандар аталған ауру­лар­дың белең алатын уақытын қазаннан басталып сәуір айының аяғына дейін жалғасатынын айтады. Мұ­ны медицина тілімен айтқанда эпи­демиологиялық мау­сым дей­ді. Ал қаңтар айынан басталып ақпанның аяғына дейінгі аралықта аурушаңдық өршиді деп болжануда. Ендеше алдын алған абзал.

Айнұр Батталова, 
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<