«Халық» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті

2111

0

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалының №2 бөлімінде «Халық» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті. Шараға облыстық мәслихаттағы «Nur Оtan» партиясы депутаттық фракция мүшесі Нұрболат Ибраев қатысты.

Күн тәртібінде бастауыш партия ұйымының жұмысы туралы және БПҰ-ның хатшысын тағайындау мәселелері қарады. Сонымен қатар, осы басқосауда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съездінің міндеттері мен партия жұмысын жаңарту туралы да айтылды.

Жиында «Халық» БПҰ-ның хатшысы Қайрамбаева Ақжан, бастауыш партия ұйымының 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебін берді.

БПҰ мүшелері хатшылыққа Азамат Серікбайұлын ұсынып, «Халық» БПҰ-ның жаңа хатшысына сайланды.

Жиын барысында Нұрболат Ибраев Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын еңсеріп, жаңа кезеңге аяқ басқан мемлекетіміздің жаңа даму жолында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегиялық бастамаларына қолдау білдіретіндігін жеткізді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съездінің міндеттері мен партия жұмысын жаңарту туралы партия мүшелеріне түсіндіріп өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<