Кім кімді сүйрейді?

900

0

Есім адамның тағдырына, болмысына әсер ете ме деген сауал төңірегінде ғалымдар XX ғасырдан бері зерттеулер жүргізіп келеді. Соның негізінде адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болған. Ғалымдардың зерттеуінше, адам аты оның өміріне айтарлықтай әсер етеді екен, баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла-бойы да соған сәйкес көркемделе түседі дейді.


Жалпы, балаға ат қою үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөз­сіз. Ата-ананың бала алдындағы үш міндетінің бірі жақсы ат қою екен. Қазақ халқы бұған ертеден аса мән бергенін білеміз.
Ұлттық болмысты айқындай­тын бірден-бір нәрсе ол – адам­ның есімі. Мәселен, Ким, Ли, Пак, Чон, Югай, Хегай, Огайо десе, корей ұл­тының өкілі еке­нін біле қоямыз, сол секілді Ша­миль, Рашид, Абу, Ибрагим, Давид десе, тау халық­тарынан екенін түсінеміз. Ал хал­­қы­мыз ертеден ұл балаға ба­тыр­лық, байлық, парасаттылық, имандылық, елжандылықты бей­нелейтін есім­дерді көптеп қой­ған. Мысалы, Абы­лайхан, Әбіл­қайыр, Қабанбай, Бө­генбай, Абай, Ыбырай, Қажымұқан, онан бері­ректегі Ерболат, Биболат, Дәулет, Сұлтанбек, Ерғали, Аман­ғали, Ела­­ман, Бақытбек, Батырбек, Ай­дарбек деп кете береді. Қыз ба­лаларға да әдемілікті, нәзіктікті, иба мен имандылықты, сұлулықты айшықтайтын аттар берген. Атап айтқанда, Айсұлу, Күнсұлу, Нұр­сұлу, Зере, Айша, Жібек, Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Сәуле, Айжан, Іңкәр, Көр­кем, Айжамал, Нұр­жамал есімдері – соның айғағы.


Әрине, халқымызда балаға ат қоюда түрлі жағдайларға байла­ныс­тырып та жататыны бар. Мәсе­лен, баласы тұрмай жүрген отбасы бол­са, аңсап күткен сәбиі тұрсын, ар­тынан ерсін, көз тимесін деген ырым­мен Тұрсынбай, Тұрсынкүл, Із­басар, Орынбасар, Ізінаш, Итем­­ген, Сүтемген, Иемберді, Қой­сын, Елеусіз деп атаған. Ал кілең қыз бала дүниеге келсе, онан ке­йін ұл тусын деген ырым­мен Ұл­бала, Ұлдана, Ұлтай, Ұлбол­сын деп қойған. Онан өзге, тү­сінде аян беріп, сол арқылы да қойылатын есімдер бар. Сон­дай-ақ, ертеде халқымыз ба­ла­ның атын аптаның жеті күнімен бай­ланыстырып та қойған. Қа­зіргі Дүй­сенбай, Сейсенбек, Сәрсен­бек, Бейсенбектер мен Жұма­байлар соның «жемісі».


Өзімнің анамның есімі де қы­зық жағдайда қойылыпты. Ол кез­де қойшылар қыс қыстауда, жаз жай­лауда жүреді ғой. Бала туса, метірке, яғни, баланың туу туралы куәлігі қазіргідей перзентханадан шықпай жатып дайын болу қайда, бес-алты айлап, тіпті жылдап қол­­ға тимейді. Менің анамның да ме­­тіркесін әкесі сондай бір сәті түскен күні алуға барады. Ба­заркүл деп атап жүрген қызының атын АХАТ бөліміне барғанда қыр­сық шалып, ұмытып қалады. Әрі ойланып, бері ойланып есіне түсіре алмайды. Сонда құжат толтырып отырған қыз: – Аға, мұның алдында бала­ңыз бар ма? деп сұрайды.


– Бар.
– Аты кім?
– Алтынбек.
– Онда мұның аты Алтынкүл болсын!
Осылайша менің анамның аты Алтынкүл болып шыға келеді.


Қазір мұндай есімдердің қ­йыл­май кеткені қашан. «За­манына қарай амалы» де­мекші, балаға ат қоюда бүгінде арабша, түрікше, яғ­ни, өзге ұлт­тардың есім­деріне үйір болып жат­қан­даймыз. Қазіргі ба­лалар­дың есім­дерін естігенде заты­мыз қазақ, атымыз басқа бо­лып бара ма деп ойлайсың. «Ба­­лаларымызға қандай есімдер көптеп беріліп жатыр?» деген сұ­рақ­­пен қалалық АХАТ бөлі­міне ха­барластық. Ста­тист маман Жұлды­зай Рысбаева кейінгі жылдары араб­ша, әсі­ресе, Құран кітаптан алын­ған есімдердің көп­теп қойы­лып жат­­қанын, сонымен қатар түрік есім­дерінің берілуі белең алып отыр­ғанын айтты.


– Кейінгі кезде арабша, яғни, Құран кітаптан алынған есім­дер көптеп берілуде. Мысалы, Нұр­мұ­хаммед, Дінмұхаммед, Аюб, Кәусар, Раяна, Медина, Рамадан, Мұхаммед есімдері жиі кездесіп отыр. Соны­мен бірге түрік есім­дерін беру бе­лең алуда. Атап айтқанда, қыз балаларға Айлин, Айлана, Мелек, Милана, София секілді есімдер жиі қойылуда. Былтыр бір қазақ отбасы қыз­дарын Джульетта деп атады. Өйткені, әкесінің аты Ромео екен. Осылайша Джульетта Ромеоқызы деп құжат бердік. 2019 жылы бір отбасы қыздарына «Гаухар, Алтын атты қыздар бар, біз Бриллиант деген ерекше есім береміз» деп Бриллиант қойғаны бар. Былтыр бір қазақ қызының есімі Изаура болды. Биыл Айым деген есім жиі қойылып жатыр. Әлинұр, Нұрәли, Ай­сұл­­тан, Сұлтанәли есімдері де жиі кездеседі, – деді ол.


Сонымен қатар ол бір балаға екі адамның есімін беретіндер де бар екенін айтады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, адамның аты оның ұлттық болмы­сынан да хабар береді. Сіз қалай ойлайсыз?

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<