Мақсарыға мән берілді

1620

0

Жаңақорған ауданы  Бесарық ауылының тұрғыны Ғалымжан Орынбасаров биыл 500 гектарға мақсары дақылын екті. Өткен жылы 2 гектар жерге егіп, зерттеп көріп едіжақсы нәтижеге қол жеткізді. Енді екі білекті түріп, дала жұмыстарына қызу кірісті. Тұқым себілді, 110 күннен кейін өнім береді. Ерекшелігімақсары егістік жерге емес, жайылымдық жерге егілді. Себебі, дақыл суды көп қажет етпейді. Жаңбыр суы жеткілікті.

Ғалымжан – «Пазылбек қажы» шаруа қожалығының төрағасы. 2013 жылдан бастап атакәсіппен айналысып келе­ді. Қожалықтың техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Жабық қой­ма салып, дән тазалайтын  құ­рылғы алдырған. 5 адамды тұ­рақты жұмыспен қамтып отыр.

– Биыл шаруаларға оңай болмайын деп тұр. Су тап­шы­лығына байланысты ди­қан­дар дәстүрлі күріш дақы­лын азайтып, майлы және мал азығы дақылдарына ба­­­сымдық беруде. Осы мақ­­­сатта біз мақсары егу­ді бас­тадық. Жалпы, мақ­са­ры – тез жерсінетін дақыл. Қа­лай күтіп-баптау керек­ті­гін меңгеріп алдық. Ты­ңайт­­қышын уақытылы беріп қада­­ғаласақ, мол өнім алуға болады. Біздің өңір – осы да­қылды егуге қолайлы аймақ, – дейді шаруашылық төрағасы.

Шаруа мақсары тұқымын Арқалық, Орал қаласынан ал­дырған. Тұқымды наурыз айында егу жоспарланған. Бі­рақ ауа райының қолайсыз­дығынан сәуір айының ба­сында себілді. Бір гектар жер­ге 25-30 келі тұқым ша­шылған. Бұған көп мөлшерде тұқым кетпейді. Жалпы, ор­таша есеппен мақсарыдан 8-15 центнерден өнім алына­ды екен.

– Шаруашылыққа тиесі­лі 1400 гектар жер бар. Оның 400 гектары жарамсыз. Се­бебі, тау­ға жақын болған­дық­тан тас­тақ жер. 2019 жылы акро­гельді ылғалсақ­тағыш техноло­гиясын қолданып, би­­дай ектік. Бұл әдіс тиімді бол­ды. Өнімді молынан ал­дық. Бірақ мақсары егу ке­зін­де қолдану тиімсіз екен. Өйт­кені, ылғал тамырын шірітіп жібереді. Сондықтан мақсары жайылым жерге егілді. Тек жаңбыр суымен қоректенеді. Мақсары бір ай гүлдеп тұ­рады. Осы кезде молынан жаң­быр жауса да болмайды. Шөлге шыдамды дақыл көп күтімді қажет етпейді. Тек зиянкестер түскен кезде ар­найы дәрісі шашылады. Та­ғы бір ерекшелігі, дақыл то­пы­рақтан бой көтеріп, өс­кен сайын бойында тікен пай­да болады. Ал, оны тү­йе­ден өзгесі жей ал­май­ды. Сол себепті егістікті қор­шамадық. Мал түсіп ке­те­ді деп қауіптенбейміз, – дейді Ғалымжан.

Жалпы, мақсары майынан келетін пайда көп. Мұны шар­уа­шылық жетекшісі сана­ма­лап берді. Біріншіден, өсім­­дік майы ретінде пайда­лан­са, екіншіден құрылыс зат­тарына қажетті бояу түр­леріне қолданады. Сонымен қатар косметика өнімдерінің құрамында кездеседі. Сон­дық­тан табыс көзі деп айтуға болады. Ғалымжан бұл да­қыл­ды бекер таңдамаған. Әб­ден зерттеді. Ресей ға­лым­­дарының егу, бап­тау әдіс­­терін қарап шықты. Ғы­лы­ми еңбектерін ақтарды. Ау­ыл­­шаруашылық маманда­ры­ның пікіріне құлақ асты. Тиімді жолын қарастырды. Биыл еңбегі еш кетпей, өнім жақсы болса, егіс көлемін ұл­ғайтуды көздеп отыр. Ал, алынған өнімді Түркістан об­лысындағы май зауытына өт­кізбек. Бұл – бастапқы жос­пар. Жылда өнім мол жинал­са, зауыт салу ойында бар.

– Мақсары майын көпте­ген мақсатқа қолдануға бола­ды. Бұдан бөлек, кәдімгі тұ­ты­­нып жүрген майларға қа­­ра­ғанда пайдалы әрі дәмді. Дәмі жағынан зәйтүн майына ұқсас. Алайда, бағасы екі есе арзан. Ол асқа дәм беріп қа­на қоймай, жоғары темпе­ра­турада қыздырған сәтте өз құрамын сақтап қалады. Дә­ру­мендері жойылмайды, хо­лес­терині төмен. Нарықта сұранысқа ие. Дегенмен, құр­ғақ­шылыққа төзімді өсімдік кез келген жерде өсе бер­мейді. Әлемде бұл дақылды өсірумен айналысатын елдер көп емес. Елімізде оңтүстік өңір дақылды өсіруге қолай­лы. Міне, осылардың бәрін ес­кере келе, келешекте мақсары майын өндіретін кәсіпорын ашамын деп шештім, – дейді кәсіпкер.

Ғалымжан шаруасын ши­ра­ту үшін мемлекет тарапы­нан берілетін жеңіл­дік­тер­ді тиімді пайдала­нуда. Соны­мен қатар ол әртарап­тандыру ауыл­дың әлеуетін артты­ра­ты­нын айтты. Шағын шаруашы­лықтарды ірілендіру бағы­тын­­да көптеген мүмкіндік­тер қа­растырылған. Қожалық­тар­­дың техникалық база­сын жа­ңалауға септігін тигізуде. Осы мақсатта ол алдағы уақытта егіс көлемін ұлғай­тып, өнім­ді екі еселеуге, жергі­лікті ха­лықты өз өнімімізбен қам­туға  ниеттеніп отыр. Тек жа­йылымдық жерді пайдалану мақ­сатты жүзеге асырылса деген ойын білдірді.

Негізгі отаны Жерорта те­ңізінің жағалауы санала­тын мақсарыны елімізде өнді­ріліп, өнім алына бастаға­ны­на көп жыл болған жоқ. Қалдықсыз өнім. Майы алын­ғаннан кейін де сұранысқа ие. Мәселен, мақсарыдан қал­­­ған қалдықтан Иранда халуа да­йындалса, Түркияда түр­лі су са­бындарға қосады. Ал, қытайлықтар түрлі дерт­­ке шипа болатын дәрі-дәр­мек өндіреді. Қазір елі­міз­де өндір­ген мақсары майы Ре­сей, Қытай сынды елдерге экс­­портталуда. Шикізат қал­пында. Келешек осы мәселеге ден қойылып, мақсарыны то­лық өңдеп, шикізатты өнім­ге айналдыру өзімізде іске ас­са, кәсіпкерлер шаш етек­тен пайдаға кенелер еді. Бір жа­­ғынан отандық өнімнің са­ны мен сапасы артатыны бел­гілі. Кәсіпкердің айтуын­ша, жергілікті халық мақса­ры майының пайдасы тура­лы әлі біле бермейді. Сондық­тан бізде сұраныс аз, шетел­дік­терге саудалануда. Осы мә­селе шешімін тапса, тауар­дың өтімді боларына сенімді.

Шаруа алты ай бойы иығы­нан кетпені түспей, маңдайы терлеп егін егеді. Еңбегі ақта­лып, өнім мол болады. Ал, оны шикізат күйінде сауда­лайды. Сатып алған ел оны өңдеп, күнделікті тұтына­тын дайын өнімге айнал­ды­рып, өзімізге екі есеге үс­теме қо­сып сатады. Сауда сөре­лерін өз­генің тауары қап­тай­ды. Ба­ғасы удай өнімді халық  ал­масқа амалы жоқ. Байқа­саңыз, ең алдымен шикізатты өңдейтін өндіріс орындары қажет. Сонда диқанның ең­бегі далаға кетпес еді. Біздікі тек ой ғана…

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<