Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың мемлекеттік қызметші және полиция күнімен құттықтауы

87

0

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Қадірлі әріптестер!

Сіздерді кәсіби мере­келеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттық­таймын!

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды» деп атап өтті.

Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Ұлт мәртебесін көтеріп, халық сенімін ақтау – мәртебелі міндет.

Егемен еліміздің еңсесін тіктеп, қарқынды дамуына мемлекеттік қызметкерлер елеулі үлес қосып, уақыт талабына сай жарқын бастамаларды іске асыруда.

Қазақстанның жарқын бо­ла­шағы жолында уақытпен санаспай еңбек етіп, антқа адалдықтың, ха­лыққа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетіп келесіздер.

Алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне қажырлы еңбек етіп, әрдайым абырой биігінен көріне бергейсіздер.

Кәсіби мерекеде Сіз­дерге мықты денсаулық, еңбек­теріңізге толайым табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін.

Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметті полиция қызмет­керлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби төл мере­келеріңіз – Полиция күнімен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жо­ғары талап қойылып, зор жауап­кершілік жүктеледі. Сіздер ант­қа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды», – деп атап өткен болатын.

Президентіміздің «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асы­ру­да полиция қызметі – мем­ле­кет­тік биліктің ең маңызды құры­лым­дарының бірі. Қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

Елдегі тыныштық пен тұрақ­тылықты сақтауда полиция қызметі Тәуелсіздігіміздің қас­терлі міндеттеріне көлеңке түсір­мей, берекелі бірлігіміз бен қауіпсіздігіміздің сақталуына өз үлестерін қосуда.

Бүгінде халықтың құқық қорғау органдарына сенімі артуда. Бұл – антына адал азаматтардың жүйелі жұмысы мен жоғары жауапкершілігінің жемісі.

Алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай қызмет етіп, әрдайым абырой биігінен көріне бергейсіздер.

Кәсіби мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!

Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!