Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу

211

0

Сыбайлас жемқорлық – мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіреді. Қазақстан қоғамдық күрделі мәселелердің бірі болып келетін жемқорлықтың алдын алып, күресу жолында бірқатар шараларды өткерді. Өйткені Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру үшін де жемқорлықпен күресудің маңызы зор.
Елбасы халыққа арнаған Жолдауында: «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекет тиімділігіне деген сенімді түсіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Біз сыбайлас жемқорлықпен күресуді лезде күшейтуіміз, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы әрі қарай жетілдіруіміз қажет, біздің түпкілікті масқатқа қол жеткізуіміз үшін – сыбайлас жемқорлықты құбылыс ретінде жоюымыз қерек» – деп айтты.
Сыбайлас жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін көрсетіп-білдіреді.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – ол адам факторына байланысты, оның рухани және адамгершілік қасиеттерінің таяздығынан, қоғам мүддесінен гөрі өз мүддесін көбірек бір құлқынның қамын ойлайтын озбырлық ниеттерін жүзеге асырудан туындайтын қауіпті қылмыстың бір түрі.
Үлкен дертке айналған сыбайлас жемқорлықты  алдын алу туралы дау аз айтылып жатқан жоқ. Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі дегенмен «алтын көрсе періште жолдан таяды» деп қолдарын  жеке бас мүдделігінен аулақ ұстауын қояр емес.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен тікелей айналысатын арнайы органдар бар. Бірақ бұл тек қана осы органдардың қызметі  деп түсінсек, қателескеніміз болар еді. Себебі, бұл дертпен қоғам болып күреспесек, толық айығу мүмкін емес. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмектескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар ол адамның жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жәрдем беруші адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып есептеледі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қылмыспен, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдарымен барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп жұмыла қимылдауын міндеттеген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, одан бір нақты нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз. Жемқорлықпен күрес – науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен әрбір ұжым, бүкіл халық болып күресуіміз қажет.
Батыр Римов,
Сырдария аудандық Әділет басқармасының
жетекші маманы, Заңгерлер Одағының мүшесі