ТАРИХ МҰРАҒАТЫ – ҰРПАҚ ҰЛАҒАТЫ

380

0

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихшыларға, зиялы қауым өкілдеріне, ұрпақ тәрбиелеп отырған ағарту саласы өкілдеріне ерекше бағдар беріп қанаттандыра түскендей.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» деген бөлім біздің батыр, данагөй бабаларымыздың рухының мықтылығын, қазақ халқының басына қандай нәубет түссе де жеңе білген тектілігін, қарыстай жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғай білген батырлығын паш етеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт бүкіл оқиғаның өлшемі» деген философиялық тұжырымы – ұлт тарихының тереңдігін, мазмұндылығын, зерттеу қажеттілігін нақтылай түсті. Ұлы даланың жеті қыры – қазақ елінің өркениетке қосқан жеті қазынасы десек артық болмас. «Алтын адам» 1969 жылы Есік қорғанынан табылған ерекше ескерткіш еді. Бүгінде өз бағасын айшықтай түсіп, баға жетпес жәдігерге айналды.
Тарихтың негізгі бағыты – өткеннен ғибрат алу. Жібек жолы, дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы, музыкалық дәстүрді жаңғырту, ұлттық аспаптарды зерттеу, шығару, заманауи цифрлық форматта маңызды туындылар топтамасын жасау – кезек күттірмейтін мәселе. Біздің еліміз өнерге бай халық. «Архив – 2025» жеті­жылдық бағдарламасы негізінде ауқымды ізденістер, зерттеулер жүргізіп ұрпаққа берер рухани байлығымызды молайта түсу қажет. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық намысымызды қайрап, жігерімізді жанып, қадір-қасиетімізді, бірлік-ынтымағымызды арттыра түсетінімен ерекше. Елбасы елдің бірлігін, ынтымағын, ырыс-дәулетін асыра түсу үшін рухани байлығымыздың ортаймауын қалайды.

Зарипа ТАСЫМОВА,
Т.Ізтілеуов атындағы
№29 қазақ орта
мектебінің директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<