Үнді штамының басты белгілері қандай?

768

0

Еліміздегі эпидемиологтар қауіпті «дельта» штамына байланысты коронавирус инфекциясының жаңа толқыны басталуы мүмкін екенін ескертті. Әлемнің 74 елінде анықталған үнді штамы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында да анықталды. Осыған орай Массагет порталы үнді штамының негізгі белгілерін назарыңызға ұсынады.

Коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі бұрынғыға қарағанда 60 пайыз жылдам жұғады. Үнді штамын жұқтырған адамның өліп кету қаупі бұрынғы коронавирусқа қарағанда айтарлықтай жоғары. Жұқпалы аурулар бойынша маман Абдул Гафурдың айтуынша, үнді штамын жұқтырған адамдарда диарея жиі кездеседі. Ол пандемияның бірінші толқынында мұндай симптом әлдеқайда аз кездескенін айтады.

Британиялық сарапшылар үнді COVID-19 штамы бар адамдарда гангренаны қоздыратын тромбтар пайда болатынын ескертті. Сонымен қатар науқастар есту қабілетінің бұзылуын және асқазанның қатты ауыратынын айтқан.

Сонымен үнді штамының негізгі белгілері мынадай:

– диарея (іш ауруы);

– есту қабілеті нашарлауы;

– асқазан ауыруы;

– қан ұйып, ангренаға ұласуы.

Айта кетейік, COVID-19 үнді мутациясы наурыз айында анықталды. Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі сол кезде бірқатар штаттарда штамдардың пайда болуы мен вирустың таралуы арасында байланыс орнататын мәліметтер аз болғанын айтты. Кейіннен коронавирустың бұл нұсқасы әр түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда да табылды.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<