ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТЫДЫ

355

0

Елбасымыздың бүгінгі бастамалары – елімізге жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар екеніне толық сенімдімін. Әлеуметтік бастамалардың қай-қайсысы да ең өзекті мәселелерді қамтып отыр. Бесінші бастамада газдандыру мәселесі қозғалған.
Президент Қазақстанның орталық және солтүстік облыстарына бір жарым жыл көлемінде газ тарту міндетін қойды. Қалаларға газ тарту жұмысы бағытында жасалған қадамдар экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді.
Бүгінгі күні Әйтеке би кентінде 8056 тұрғын үй болса, оның 3906-ы (48 пайызы) газ желісіне қосылып, көгілдір отынның игілігін көруде. Сондықтан бұл бастаманы да халық қуанып қабылдайтынына сенімдімін.
Дархан Алпысбаев,
Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<