Жастар арасындағы психологиялық тренинг

888

0

Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ суицидтің алдын-алу мақсатында «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!» тақырыбында «Сыр Ұланы» лагерінде 11-25 жас аралығындағы жастар арасында психологиялық тренинг өткізді.
Басқосу барысында жастар өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру, көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу, көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сезінуге тәрбиелеу және өздеріне құрметпен қарау мақсатында жақсы, жаман қасиеттерін жасырын қағаздарға жазып, «Кім екенімді тап» бір-бірі жайлы пікірлерімен бөлісумен қатар «Менің мақтанғаным емес» деп өздері жайлы айта түсті.
Шара соңында көңіл-күйді жаттықтыру мақсатында топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамытып «Қуанышты адам» бейнесін ақ парақтарға салып, жақсы ниет-тілектерін білдірді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<