Жас жұлдыздар жәрмеңкесі

320

0

Бүгінде дәстүрлі түрде өтетін «Junior Eurovision-2021» ха­лықаралық байқауына ұлт­тық іріктеу аяқталды. Оза шапқан өрендерді атын білгіңіз келсе, дауыс беріп, қолдауыңыз шарт.

Кезінде Ержан Максим, Данэлия Тулешова, Қарақат Башанованың бағын жандырған халықаралық ән додасы жақындап қалды. Байқау биыл 19 желтоқсанда Парижде өтеді.

Басты талап – қатысушылар жасы 9 бен 14 жас аралығында болуы керек. Байрақты бәсекеде еліміздің атынан кімнің бақ сынайтыны бел­гісіз. Ұлттық іріктеуге кез келген қа­зақ­стандық қатыса алады. Бағы мен бабы келіскендерді қазылар алқасы іріктейді. Оқ бойы озып шыққанды Париж сахнасына аттандырады.

Жалпы, «Балалар Еуровиде­ниесі-2021» халықаралық байқауына қа­тысуға 819 өтінім келіп түскен. Енді қазылар алқасы солардың ішінен үздік деген 30 қатысушыны анықтайды.

«Junior Eurovision» – Қазақстанда балалар шығармашылығының халық­аралық деңгейде дамуына шабыт беретін ауқымды жоба. Екіншіден, жас өнерпаздарға қанат бітіретін дүбірлі дода. Елімізде өнерлі бала­лардың көптігі қуантады. Бүгінде жас өнерпаздардың талантын танытуға мүмкіндіктер жетіп жатыр, интернет кеңістігі де дамыған. Соңғы жылдары еліміз «Балалар Еуровидениесінен абыроймен оралып жүріп жүр. Оған Ержан Максим мен Қарақат Ба­шанованың жетістігі дәлел. Биыл да отандық өнерпаз ел намысын тиісті деңгейде қорғайды деген үміттемін», деді қазылар алқасының мүшесі, елімізге танымал өнер қайраткері Қанат Айтбаев.

Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, келесі кезеңге өтетін 30 қа­ты­су­шының тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланады. Және үміт­керлерге онлайн дауыс беру бүгін түнгі 00.00-де басталып, 12 қазанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, биылғы 19-шы «Junior Eurovision Song Contest» ба­­ла­лар ән байқауына 19 ел қаты­сады. Олар: Албания, Армения, Әзербайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланд, Сол­түстік Македония, Польша, Пор­ту­галия, Ресей, Сербия, Испания және Украина.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз