20 мамыр – Қырымбек Көшербаевтың туған күні

354

0

 Осыдан 63 жыл  бұрын (1955) Қызылорда облысының әкімі  Көшербаев Қырымбек Елеуұлы  дүниеге келді, – деп жазады «Қазақпарат».

Ол Қызылорда облысы Қазалы қаласында туған.
Қазақ политехникалық институты (1978 ж.), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы (1991 ж.) бітірген.
1978-79 жж. – «Главриссовхозстрой» ПМК-112 инженері, өндірісті дайындау тобының бастығы, Кызылорда қ.
1979-81 жж. – Қызылорда облысының күріш инженерлік жүйесінің – Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылысының штаб бастығы
1981-88 жж. – Қазақстан ЛКСМ комсомолдық қызметін меңгеруде
1988-91 жж. – СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты
1991 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты Мәдениет және ұлтаралық қатынастар референтурасының референті
1991-94 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі
1994-95 жж. – Алматы қаласы Калинин ауданының әкімі
1995-96 жж. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты басшысының орынбасары – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары – аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі
1996-97 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы – Баспасөз қызметінің жетекшісі
1997-99 жж. – Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі
1999 ж. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі
1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
2000-03 жж. – Қазақстан Республикасы Батыс-Қазақстан облысының әкімі
2003-06 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі (қосып атқарды), Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі (қосып атқарды)
2006 ж – Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімі
2012 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2013 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<