Қазақстанда күн суытады

1194

0

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19-21 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, орталықта, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.


«Батыс өңірлер ғана антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында түнде температура 5-13 градустан, күндіз 12-20 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-18 градустан, күндіз 18-27 градусқа дейін жылынады», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<