Амангелді ауылының жастары қарттарға қол ұшын созды

1394

0

Сырдария ауданы Аманкелді ауылында тұратын бір топ жас елді мекендегі жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге қол ұшын созды.


Бүгінде бірнеше тұрғын үйдің ауласын тазалап үлгерген белсенді жастардың басты мақсаты адами құндылықтарды дәріптеу. Еріктілер бірнеше сағаттың ішінде аула іштерін айнадай етті.


«Негізі біздің халқымыздың және де адамдардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға біраз сеп болады деген сенімдеміз. Себебі біз барсақ, қасындағы көрші үйдегі адамдарға біз себепкер болып, осылай біздің орнымызға өздері айына бір рет осылай қарын күреп берсе, бұл да бір еріктілік, волонтерлік, қайырымдылық, игі іс болатын еді. Біз соған түрткі болсақ деген оймен барлығын жасап жүрміз», өзге де көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға әзірміз,- дейді Аманкелді ауылдық әкімдігі жанынан құрылған «Жалын» еріктілер штабының мүшесі Бексұлтан Серікбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<