Арал ауданына жаңа жедел жәрдем көліктері табысталды

231

0

Арал аудандық жедел жәрдем стансасы жаңа 3 көлікпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде заманауи құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген техника тұрғындарға қызмет көрсетуді бастап кетті. Айта кету керек, аталмыш өңірде жедел жәрдем көліктеріне қатысты проблема өзекті болатын.

Жергілікті тұрғындар дәрігерлердің шақыртуларға жеке көліктерімен қатынайтынын айтып шағымданған еді.

 «Облысымызға жаңадан 10 жедел жәрем көлігі келді. Оның үшеуін Арал ауданына жібердік. Өңір шалғай орналасқандықтан айрықша көңіл бөліп отырмыз. Жыл соңына дейін тағы да 12 көлік келеді деп күтілуде. Жоспарланған жұмыстар жүзеге асқан жағдайда, ескі көліктердің біразы жаңартылып, жедел жәрдемнің қызметі де сәйкесінше жақсара түспек. Дәл қазіргі уақытта аймағымызда көлік тапшылығы жоқ», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<