Арбадағы биден алғашқы олжа

333

0

Қызылордалықтар Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында арбадағы би спортынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан олжалы оралды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді теміржол вокзалынан жерлестері салтанатты түрде күтіп алды. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 11 облысынан спортшылар қатысты.
Айтулы сында облысымыздың намысын қорғаған жерлестеріміз алғашқы мәрте қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Командалық би сайысында бақ сынасқан 1-топ мүгедектері Сағатбек Сиюов, Роза Смағұлова, Несібелі Мүслімова, Есет Дәрібаев және Александр Огай Қазақстан жеңімпаздары атанды. Жұптық сында Диана Смағұлованың жұбы күміс жүлдені иеленді.
Айта кетейік, Қызылорда облысының Паралимпиялық комитетінде арбадағы би спортынан бөлімше 2017 жылы ашылған болатын. Қазіргі таңда 10 спортшы осы спорт түрімен шұғылданады.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<