АСТАНА СЕКІЛДІ ТЕЗ ДАМЫП КЕЛЕДІ

281

0

Сыр елінің орталығы – Қызылорда шаhары соңғы кезде қарқынды дамып келеді. Аймақта жүзеге асырылып жатқан игі тірліктердің барлығы қала тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған.
Облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық тынысының кеңеюі арқасында қай салада болмасын, ілгерілеушілік байқалады. Оны өзім еңбек етіп жүрген медицина саласынан көремін. Сөзімнің дәлелі, соңғы 5 жылда аймақта 58 нысан пайдалануға берілген болса, соның 49-ы апатты жағдайдағы нысандардың орнына салыныпты. Соңғы үлгідегі медицина құралдарының арқасында ауруханалар мен емханалардағы қызмет көрсету сапасы жақсарды.
Әркімге өзінің туған жері қымбат. Қызылордадағы өзіміз көріп жүрген өзгерістер көңілге қуаныш сыйлайды. Әсіресе, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала құрылысын айту ләзім. Шаһарымыздың Астана секілді күннен-күнге дамып келе жатқаны өңірдің де дамуына, өсуіне жол ашады, мүмкіндіктер береді. Сыр елінің бас қаласы мен Арқа төсіндегі ару қаланың тарих қатпарындағы сабақтастығы, ғасыр тезіндегі үндестігі болашақ даңғылында одан әрі тоғысып, беки түспек.
Ләйлә АХМЕТ,
№3 қалалық емхана бас дәрігерінің
емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<