Аймақ басшысы бір күнде 14 ауылды аралады

425

0

Облыс әкімі Қ.Ысқақов Жалағаш ауданында жұмыс сапарымен болып, ауданға  қарасты 14 елді мекеннің жағдайымен танысты. Халықпен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жалағаштықтар спорт кешенімен, ауыл ішілік жолдар, жарықтандыру, ауылдық дәрігерлік амбулатория, ескі мектеп ғимараттарын жаңарту сияқты мәселелерді көтерді.
Алдымен аймақ басшысы Жаңадария ауылында болып, тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, жаңғыртудан өткен ауыз су жүйесің  жұмысымен танысты.
Облыс әкімі Аламесек, Аққұм, Мақпалкөл ауылдарын да аралап, тұрғындарымен кездесті.Спорттық кешен мен дәрігерлік амбулатория салу, балабақша мен клуб үйін жаңартуды сұраған тұрғындардың  өтініш тілектеріне аймақ басшысы кәсіпкерлермен мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында бірлесіп жұмыс атқарылатынын және Еңбек ауылындағы жол мәселесі де биылғы жылы шешімін табатындығын айтты.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Жаңаталап, Аққыр, Мәдениет, Бұқарбай батыр, Таң ауылдарында болып, тұрғындар мәселесін тыңдады. Мырзабай ахун ауылдық округіндегі кездесуде тұрғындар дәрігерлік амбулатория керектігі туралы өтініштерін білдірді. Аталған мәселе мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында шешілетін болады деді өңір басшысы. Сонымен қатар, Таң ауылында да жаңа емхана мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынады.
Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Қаракеткен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, Ақсу ауылында да  болды. Аймақ басшысы  тұрғындардың көтерген мәселелерінің ешқайсысы назардан тыс қалмайтындығын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<