Қаза тапқан құрылысшылардың жасы 29-да болған

274

0

Қазалыдағы қайғылы жағдай кезінде көз жұмған қос құрылысшының да жасы 29-да болған. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мән-жайды облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев баяндады.

Қайғылы оқиға аудан орталығы, Әйтеке би кентінде 29 қазан күні кешкі сағат 4 жарымдар шамасында тіркелді.

– 600 орындық мәдениет үйін салып жатқан «ҚазҚұрылысСервис» серіктестігінің жұмысшылары – Қазалы қаласының 1990 жылғы тұрғындары 11 метр биіктіктен құлап қаза тапты. Аталған факт бойынша аудандық полиция Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Нәтижесінде қауіпсіздік талаптарының қаншалықты сақталғаны, қайғылы жәйттің себептері анықталады, – деді Е.Жалғасбаев.

Құрылыс мердігері – «ҚазҚұрылысСервис» серіктестігі 2006 жылы тіркелген. Қаза тапқан қос жұмысшы шамамен екі ай бұрын еңбек шартымен жұмысқа орналасқан.

Назерке САНИЯЗОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<