Белсенділік биікке шығарады

390

0

Әйгерім МЕШІТБАЕВА,
облыстық «Үздік мемлекеттік қызмет аруы-2019» байқауының жеңімпазы:
– Кәсіби шеберлік кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайды. Сондықтан әрбір адам өзін жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл, әсіресе мемлекеттік қызметте қажет. Мен осы дүниелерді естен шығармауға тырысамын. Байқауға қатысуға да осы нәрсе сеп болды.
Жетістік төрінен көріндім. Одан бөлек, аудандағы жастар саясатының дамуына қосқан үлесім үшін «Өрлеу» белсенді жастар сыйлығын иелендім. Жалпы, биыл мен үшін жемісті жыл болды. Ол отбасымның арқасы деп білемін. Мені алға ұмтылдыратын, ерекше күш-жігер беретін жақындарымның қолдауы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<