Әбеңнің Алтын жұлдызында Аралдың жарқын жүзі тұр

497

0

Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері, қасиетті Қорқыт топырағының перзенті, Ақбас Аралдың тумасы, күллі Алаштың мақтанышы Әбдіжәміл Нұрпейісовке Мемлекет басшысының Жарлығымен  «Қазақстанның Еңбек Ері» мәртебелі атағының берілуі баршамыздың мерейімізді тасытты. 

Қазақтың болмысы мен кел­бетін әлемдік дең­­­гейге алып шыққан Абай, Мұхтар, Әбіш се­кілді заңғар жазушы­лар­дың сапындағы сардар қа­ламгерге жасалған құр­мет қазақ әдебие­тіне жа­салған құрмет деп бі­леміз.

Ә.Нұрпейісовтің бір ғана «Қан мен тер» трилогиясы дү­ниежүзінің отыздан аса тіліне аударылып, Арал те­ңізінің даң­қы мен Кеңес өкіметі дәуі­ріндегі қазақ қоғамының шынайы бейнесін паш етті. Мұнан бөлек туабітті дарынды жазушымыз – А.Чехов, М.Горький, Н.Хикмет, А.Кэсо секілді клас­сик­тердің шығармаларын ана тілімізге аударып, қазақ оқырманын әлем әдебие­тімен сусындатты.

«Қазақтың Әбесі» атан­­­ған жазушының есі­мі естіл­генде сөз жоқ, ең бірінші Арал теңізі көз ал­дымызға келеді. Әбең өзінің барлық шы­ғар­ма­­ларында шалқыған Аралдың тартылған тағ­ды­рына алаңдаумен болды. «Арал­дықтар зардап шегіп жат­қанда мен той тойламай­мын» – деп елге келіп еш­қашан мерейтойларын атап өтпеді. Сөйткен теңіз-анамыз міне, енді мемлекетіміздің, Елба­сы­мыздың ерекше қам­қор­лығымен қалпына түсіп, балықшы­лардың ең­бек ыр­ғағы бұрынғы күйіне оралып келеді.

Мен өзім кәсіпкер есебінде «СПК Қызылорда балық» се­рік­тестігін құ­рып, балық өң­деу зауытын ашып, ел-жұртқа қызмет етіп жүрмін. Сонымен бірге, 2015 жылы ресей­лік кәсіп­кермен бірлесіп, Улья­новск облы­сында «Ди­митровград ба­лық өлкесі» балық өң­деу зауытын іске қостық. Ши­кізаты құтты Арал теңізі қой­науынан тасымалданып отыр. Соңғы төрт жылда ба­лық аулау 65 процентке артты. 

Қазір облыста жылдық қуат­тылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл – Арал өңірі мен өмірінің қайта жанданғанының дә­лелі.

Осындай халықтың жү­зі жарқын кезеңде заңғар жазу­шы­ның 95 жасқа тол­ған ме­рейлі күнін туған елі тойлап жатыр. Біз Әбеңнің жылы жү­зінен Арал ба­лық­шы­ла­рының бүгінгі серпінді тыны­сына разы болған қанағат қуа­нышын көргенімізді бақыт санаймыз.

Әбең мемлекеттік, ха­лық­аралық сыйлықтардың лауреаты, кеудесі орден-медальға толы. «Қызыл Жұлдыз», «Ең­бек Қызыл Ту», «Құрмет Бел­гісі», «Халықтар достығы», «Отан» –  осының бәрі жам­поз жазу­шының туған елін сүйе біліп, халқымен бірге тыныстаған тамаша еңбегіне берілген баға.

Ал, бүгін оның кемел кеу­десінде алмас қырлары сәуле төгіп, Алтын жұлдыз тағылды!

Бұл ең алдымен киелі Сыр елінің ерекше қуа­ны­шы, ерен мақтанышы болмақ.

Аманбай ЕРХАТОВ,

кәсіпкер, «СПК Қызылорда балық» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<