Бибігүл Жексенбай: «Бес томдық журналистиканың жаңа кезеңінде таптырмайтын құрал»

1191

0

«Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай бүгін өткен «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесерінде «Бес томдық журналистиканың жаңа кезеңінде таптырмайтын құрал» деді.


Айта кетсек, Қызылордада «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесері өтті.


Шара барысында Бибігүл Жексенбай жаңа кітаптың қазіргідей ақпарат ағыны қарқынды, журналистиканың жаңа кезеңінде таптырмайтын құрал екенін айтты.


«Журналистиканың басты миссиясы – ағартушылық. Ал, бұл кітап осы міндет үдесінен шығып отыр» деген пікір білдірді.

Бестомдық кітапты шығару барысында архив құжаттары, көптеген ғылыми еңбектер парақталған, ғалымдар пікірі ескерілген.


«Жалпы, құнды туындыда өткен мен бүгін, қаламы қарымды қаламгерлердің жүріп өткен өнеге болар өмір жолы көрініс тапқан. Бұл қазіргідей ақпарат ағыны қарқынды, журналистиканың жаңа кезеңінде таптырмайтын құрал болмақ», – деді Бибігүл Жексенбай.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<