Биыл Қызылордада 13 инвестициялық жоба іске қосылады

1342

0

Өңір экономикасын дамыту бағытында өткен жылы 265 жоба мақұлданды. Жобаның 89-ы іске асырылып, 1047 жұмыс орны ашылды.


Мәселен, қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консерві, күріш, қарақұмық жармасы және арпа, балық, жүн-тері өңдеу және көрпе өндірісі, шұжық цехі өнімдерін шығаруда.


-Экономиканы дамыту мақсатында іске асырылатын жобаларға талдау жасалып, 500-ге дейін арттыру көзделуде. Сондай-ақ, биыл 89,8 млн.теңгені құрайтын 105 жоба іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 2533 жұмыс орны құрылатын болады. Биыл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 13 инвестициялық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаралды. Жоба аясында 3 307 тұрғын үйге газ желісі жүргізіледі. 26,6 шақырым көше жөндеуден өтеді. 117 жұмыс орыны құрылатын болады, – деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<