Былтыр Қармақшыда 1880 жаңа жұмыс орны ашылды

709

0

Былтыр Қармақшыда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта даярлау курстарына 18 адам, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курстарына 435 адам жолданып, 358 адам оқуын бітіріп шықты.

Еңбекпен қамтудың белсенді шараларымен 2353 адам қамтылып, тұрақты жұмысқа 925 адам орналастырылды. 1880 жаңа жұмыс орны ашылды.


– Ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жастарға кәсіби бағдар беру маңызды. Сондықтан қазіргі таңда қажетті мамандықтарға талдау жұмыстары жүргізіліп, тізбесі жасалуда. Биыл ауданда физика-математика, орыстілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдеріне, дәрігерлер және жоғары санаттағы аспазшы мамандықтарына сұраныс артыпотыр. Алдағы уақытта осы сұраныстарға орай жұмыстар жасалатын болады, – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<