Дәрігер аязды күндері далада жүру кімдерге қауіпті екенін айтты

470

0

Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің ересек тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша штаттан тыс бас маманы Андрей Тяжельников аязды ауа райында балаларға ерекше бақылау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

РИА Новостидің мәліметінше, дәрігер балалар көбінесе суыққа және аяздың белгілеріне реакция білдірмейді дейді.

“Сондықтан аязды ауа райында балаларға ерекше бақылау қажет. Мүмкіндігінше аязды күні үйде болған абзал”, – дейді Андрей Тяжельников.

Сондай-ақ дәрігер қатты аяз кімге қатты қауіпті болуы мүмкін екенін айтты.

“Егер сіз көшеде ұзақ уақыт тұруға мәжбүр болсаңыз, онда ара-тұра жылы бөлмеге кіріп, жылынуға тырысыңыз”, – дейді Андрей Тяжельников.

“Қатты аяз тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар үшін әсіресе қауіпті. Оларды ентігу, жөтел, аурудың өршуі білінуі мүмкін”, – дейді Андрей Тяжельников.

Ол тіпті сау адамдарда аязды ауаға жағымсыз реакция болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондықтан дәрігер бет-ауызды шарфпен жауып, суықта мейлінше аз жүруге кеңес береді.