Дәрігер дені сау адамға қажетті 5 өнімді атады

941

0

Дәрігер-терапевт, диетолог Филипп Кузьменко деннің саулығы үшін қажетті бес өнімді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Кузьменконың айтуынша, ағза қызметін дұрыс атқаруы үшін оған күнделікті белгілі бір өнімдердің жиынтығы қажет. Рацион түрлі тағамдардан тұрса, оларды толыққанды алуға болады.

«Ең дұрысы тоңазытқышта азық-түлік өнімдерінің бес түрі болуы керек. Қосымша түрлі-түсті көкөністер мен жемістердің болғаны абзал. Жармалардың болуы міндетті. Тек қарақұмық емес, әр түрінен болғаны жөн.

Етке келсек, сиыр немесе шошқа етінен қарағанда құс еті дұрыс. Себебі ол артық салмақ қоспауға көмектеседі. Сондай-ақ, сүзбе, йогурт, сүт сынды сүт өнімдерінің болуы маңызды», – деді дәрігер.

Маман мәзірді дайындаған кезде тәрелкедегі ас мөлшеріне мән беру керектігін ескертті. Мәселен, көкөністер мен жемістер кемі тәрелкенің жартысын алып тұруы тиіс. Сонда ағза өзіне қажетті барлық заттарды алады.

«Қалғаны адамның талғамы мен қалауына қарай. Өмір сүру үшін ағуыздар, көмірсулар мен майлардың қажет екені белгілі. Бірақ әдетте адамдар бұл қоректерді өздігінен толтыра алады. Ал жемістер мен көкөністер туралы ұмытып кетеді. Олардың өмірлік маңызы зор», – деп атап өтті Кузьменко.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<