Футболдан Қазақстан суперкубогы Түркістанда өтеді

414

0

Футболдан Қазақстан суперкубогы Түркістан қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.


Биыл суперкубок ойындары жаңа форматта өткізіледі. Оған барлығы төрт команда қатысады. Өткен жылғы ел чемпионы Алматының «Қайраты», екінші және үшінші орын алған Қостанайдың «Тобылы» мен елорданың «Астана» командалары аталған турнирде бақ сынайды. Былтыр Қазақстан кубогының жеңімпазы анықталмауына байланысты бұл орын төртінші орынға ие болған Қарағандының «Шахтеріне» бұйырды.


Аталған турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Ол жеңімпаз және жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға беріледі.


Суперкубоктың жартылай финал ойындары 2 және 3 наурыз күндері өткізіледі. Ал 5 наурызда үшінші орын иегері анықталса, финал 6 наурызға белгіленген.


Турнирдің жартылай финал кезеңінің жеребе тарту рәсімі 15 ақпанда елорда уақытымен сағат 14.00-де өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<