Халық табысы экономикалық өсіммен қамтамасыз етіледі

405

0

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісуі рәсімінде сөйлеген сөзінде ел дамуының  негізгі 10 бағытын белгілеп, халықтың табысын арттыру үшін тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы бұл мәселені шешуге болатынын атап көрсеткен болатын.

«Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқы­мыз­дың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім артуы тиіс», – деп атап көрсеткен еді Мемлекет басшысы.

Жаһандану үдерісі кезінде Қазақстан экономикасының өсі­мі көп жағдайларда сыртқы фак­торларға байланысты болады. Ал сыртқы жағдайлар, өкінішке орай, құбылмалы. Осыны ескерген Қазақстан Президенті ішкі мүмкіндіктерге айрықша назар аударып отыр. Экономикада іш­кі тұтыну көлемінің артуы өсім­нің негізі болып табылады. Ал егер ішкі тұтыну мемлекеттік қолдаумен бірге нәтижелі жұ­мыспен қамту деңгейінің өсуі­не қарай артатын болса, жетіс­тік мүмкіндігіне қосымша жол ашылады. Бұл орайда Қа­зақ­стан билігінде дәйекті са­бақ­тас­тықтың жалғасып келе жат­қа­нын атап көрсетуге болады.

Сарапшылардың пікірінше, соңғы уақытта жұмыспен қам­туды қамтамасыз ету азамат­тардың табысының өсуіне ық­пал жасады. Бұл өмір сүру са­па­сын арттыруға тікелей әсер етеді. Жұмыспен қамту аз қам­тылған отбасылардың санын азайтып, мемлекеттің қолдауын жаңа сапалық деңгейге көтереді. Қазіргі таңда Қазақстанда осы бағытта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыры­ла бастады. Өткен жылы бағ­дар­лама аясында Қазақс­танда 628 мың адам еңбекпен қамтылды. 14 мыңнан астам ел тұрғыны микрокредит алды. Олардың ішінде 10 мыңға жуығы өз кәсіптерін алғаш ашқан жұмыссыздар болатын.

Үстіміздегі жылы Елба­сы­ның тапсырмасымен бағдар­лама «Жастар – ел тірегі» жал­пы­ұлттық жоспармен толық­тырылды. Алдағы үш жыл ішінде жаңартылған оқу орындарының базасында ең сұранысқа ие деген 100 мамандық бойынша 200 мың жас маман даярланатын болады.

Ауылдық жерлерде көпба­лалы отбасыларына бизнес идея­лар бойынша мемлекет та­ра­пынан гранттар бөлінуде. Оған көптеген жеңілдетілген мик­рокредит беру квоталарын қосыңыз. Қазірдің өзінде Қа­зақстанда 15 мың көпбалалы отбасы өз ісімен айналысып, табысын арттыруға мүмкіндік алды.

Экономикадағы ішкі тұтыну мөлшерінің артуы дегенде Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша әлеуметтік атаулы көмек берудің жай-күйіне арнайы тоқталмаса болмайды. Қа­зірдің өзінде 277 мың отбасын қамтитын 1,3 млн адамға әлеуметтік көмек берілді. Олар­дың орташа мөлшері 105 мың теңгені құрады.  

Әрине, мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектің көлемі ауқымды. Қажет десеңіз, миллиардтаған теңге қазіргі таң­да тұтыну рыногына теріс ық­палын жасап, инфляция үдерісін тудырып жатқанын жасыруға болмайды. Сондықтан Мемле­кет басшысы бұл орайда халық­тың масылдық пиғылдан арылып, нақты еңбек етуге деген ынтасын арттыруы маңызды екенін әрдайым назардан тыс қалдырмау керек екенін атап көрсетіп келеді.

Жоғарыда айтқандай, әлем­дік экономикадағы жағдай бір­шама күрделілігімен сипатта­лады. Біз қаншалықты оған дай­­ынбыз? Міне, бүгінгі күннің басты жауабы осы сауалға қа­тысты болып тұр.

Жаһандану әлемдегі үлкен державалардың өзара сауда қыр­қысы сарапшылардың бол­жауы бойынша 2019-2020 жыл­дары әлемде 1,5 трлн АҚШ долларының жоғалуына әсер етеді. Оның үстіне, Қазақс­тан­ның бюджет табысы көбіне-көп мұнай-газ кешеніндегі жағдайға байланысты болады.

Саясатта, экономикада әдет­те болжам айтуды онша­лықты қалай бермейді. Бірақ өмір заң­ды­лығы басқаша. Қаласаң да қа­ламасаң да болжам айтуға ту­ра келеді. Себебі өмір бір орын­да тұрмайды. Ол өзгереді, күт­кен­дегіден басқа сипатта дамиды.

Әлем сарапшыларының пікі­рінше, 2022 жылы әлем эконо­микасының көлемі біршама өсе­ді. Бүгінгі жаһандық эконо­миканың танылған көшбасшысы АҚШ-тың орнын Қытай Халық Республикасы алатын болады. 2030 жылы Аспан асты елі экономикасының құны нарық­тағы айырбас бағамы бойынша бәсекелестерінен бірнеше есе артады.

2050 жылы Үндістан эконо­микасының дамуы АҚШ-тан асып түсіп, рынок көлемі бойынша дүние жүзінде екінші орынды ойып алады. Қазір экономикалық дамуы тұрғысынан «жас айда­һарлардың» қатарына қосылып келе жатқан Индонезия әлемдік экономикалық даму бәйгесінде Жапония мен Германияны арт­қа тастап, төртінші орынды ие­ленеді.  Сарапшылардың бол­жа­мы бойынша, 2050 жылы жаһандық ІЖӨ-дегі Еуроодақ елдерінің үлесі 10 проценттен де төмендейтін болады. Ха­лықаралық валюта қоры­ның жаһандық болжамына сәй­кес, 2020 жылы әлемдік не­сие-қаржы саясатының күр­деленуіне байланысты дүние­жүзілік эко­но­миканың даму қар­қыны күрт тежеледі. Жаһан­дық қаржы жүйесіндегі тәртіп­тің қа­таң­дауы, саудадағы келіс­пеуші­лік­тің артуы, жең ұшынан жалғасу және геосаясаттағы тол­қулар әлемдік экономиканың дамуына кері әсерін тигізеді. 

Сарапшылар әлемдік ішкі жалпы өнімнің 85 процентін құрайтын дүние жүзіндегі 32 ірі экономикаға сараптама жасаған.

Жуырда «Егемен Қазақ­с­тан­да» келтірілген деректерге сүйенсек, қазіргі таңда ел экономикасы әлемдік экономикаға барынша кірігіп кеткен. Басқасын былай қойғанда, оны еліміздің экономикасында біршама жедел дамып отырған төртінші өнеркәсіптік революция те­тік­терінен де айқын аңғаруға бо­лады. Бүгінде қазақстандық эко­номиканың қай саласын алып қарасаңыз да цифрлы тех­­но­логия мен электронды сауда жан-жақты даму бас­пал­­дағына ден қойғанын бай­қай­мыз. Мемлекет басшысы жа­рия­лаған Қазақстанның Үшін­­ші жаңғыруы ел Үкіметі­нің жұмысын жаңа экономи­калық және әлеуметтік даму моделімен тығыз байланыстыра жүргізуге үндейді. Сонымен бірге Үшінші жаңғыру экономи­ка­мыздың барлық саласында технологиялық жаңғыруларды арттыруға, жеке кәсіпкерлікті дамытуға, жаһандық даму үр­дісінде еліміздің бәсекелес­тігін арттыруға бағдар береді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ІЖӨ өсімі 2014-2016 жылдардағы (2,2%) орташа жылдық даму деңгейінен екі есе артып, 4 процентті құрады. Соңғы деректер бойынша 2019 жылдың алғашқы айларындағы көрсеткіштер осы деңгейде қалыптасып отыр. Жоғарыда айтқан ішкі тұты­нуға қатысты өсімнің жыл аяғына дейін айқын сезілетін күні де таяу қалды. Міне, осындай даму үрдісінде Қазақстан эконо­микасы үшін туындайтын қатерлердің бірі банк секторында орын алған проблемалар болуы әбден мүмкін.

Ғасырлар тоғысында пайда болған заманауи технологиялар біздің өмірімізді барлық қырларынан өзгертуге дайын. Соңғы жылдарда қоғамымыздың барлық саласын қамтыған жа­сан­ды интеллект, блокчейн, 3D баспа, роботтандыру және басқа да инновациялық жаң­ғы­рулар адам-дарға келе­лі мін­деттерді шешумен қатар, жаңа мамандықтарды игеріп, өмір­ле­рін өзгертуге әкеліп соғуда.  Бүкіләлемдік экономи­калық фо­румның зерттеулеріне сәйкес, 2020 жылы жаңа технологиялар 5 миллионнан астам жұмыс орнын жоятын болады. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, жақын арадағы жиырма жылдың ішінде ЭЫДҰ елдерінде жұмыс орындарының 57 проценті автоматтандырылады. Бұл өз ке­зегінде мыңдаған адамдардың жұмыс орындарынан айырылып, жұмыссыздықтың өсуіне әкелуі мүмкін. Қытай қызмет көрсету саласына роботтар сату көлемін 2020 жылдары 4,6 миллиард АҚШ долларына дейін арттыруды көздеп отыр. Сөйтіп еңбек қымбаттап, технология ар­зандауда.

Міне, әлемдегі экономи­ка­­­ның бүгінгі даму сипаты осын­дай. Сарапшылардың бол­­жамы бойынша Қазақстан эко­­­номикасының өсімі 2020 жы­лы 4,5 процент өседі деген бол­­жамдар айтылуда. Ал оған әлемде экономика тұрақ­ты бол­са, Қазақстанда ішкі тұты­ну­мен бірге халықты нәти­желі жұмыспен қамтудың айтар­лық­тай әсері болуы тиіс екенін айтады сарапшылар.

Ж.ӘЛМАХАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<