Егін алқабына дән себілді

362

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығының егіс алқабына барып, дән себу рәсіміне қатысты. Іс-шараға аудан ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары мен дихан қауым келді.

Аудан басшысы ардагерлермен бірге егіс алқабына дән сеуіп, ел қамбасының астыққа толуына, шаруа еңбегінің нәтижелі болуына тілектестік білдірді. Әрі қарай ауыл шаруашылығы техникаларының, тыңайтқыштар мен су үнемдеу технологияларының көрмесімен танысты.

Айта кетейік, биыл ауданда 30 мың 109 гектардан астам жерге егiс егу межеленіп отыр. Ал, «Дала күні» семинары өткізіліп жатқан «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығы биылғы жылы 2 мың 640 гектар жерге егін егуде.

Ауданда көктемгі дала жұмыстары агротехникалық талаптарға сай мерзімінде жүргізілуде. Қазіргі таңда 581 дана арнайы техникалар көктемгі егін егу науқанына қатысуда. Аталған техникалардың мүмкіндіктері межеленген егіс көлемін белгіленген мерзімде егіп, аяқтауға толық жетеді. Ал, жанар-жағармай мәселесіне келсек, көктемгі дала жұмыстарына 1 мың 815 тонна дизель отыны бөлінді.

©Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<