Instagram жазбаларды уақыты бойынша көрсету функциясын қайтарады

731

0

Instagram әлеуметтік желісі 2022 жылдың бірінші тоқсанында жазбаларды уақыты бойынша көрсету функциясын қайтаруды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ Сенатында әлеуметтік желінің басшысы Адам Моссери сөз сөйледі. Оған қолданушылар Instagram желісіндегі «алгоритмдерді манипуляциясыз» пайдалана алуы керек пе деген сұрақ қойылды.

«Қазір біз келесі жылы іске қосамыз деп үміттенетін функция бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мен дәл қазір нақты уақытын атар едім, бірақ қазір келесі жылдың бірінші тоқсанын мақсат етіп отырмыз», – деді Моссери.

Басқа идеялармен қатар Моссери «Таңдаулылар» функциясы туралы айтты. Оның көмегімен пайдаланушылар жаңалықтар арнасында бірінші болып шығатын парақшаларды таңдай алады.

Instagram 2016 жылы жазбаларды уақыты бойынша көрсету орнына алгоритмдік арнаға ауысты. Дегенмен пайдаланушының осы жаңартуға реакциясы күні бүгінге дейін аралас.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<