Инвестиция: алдағы меже – 481 млрд теңге

370

0

Мінеки, бір жыл қас пен көздің арасында өте шықты. 2019 жыл өңіріміздің әр саласы үшін табысты болды десек, артық айтпағанымыз. Соның ішінде индустриялық-инновациялық даму бағытында айтарлықтай жетістіктер бар.

Экономиканы әртарап­тан­­дыруға және оның ши­кізат экспортына тәуел­ділігін азайтуға елімізде жүзеге асырылып жатқан индус­трия­ландыру бағы­тындағы бағ­дарламалар ерек­ше үлес қосуда. Иә, бүгінгі күн­нің басты талабының бірі – инвес­ти­циялық жобаларды іске асыра отырып, ел өміріндегі елеулі істерге жол ашу. Бұл бағытта Сыр өңірінде жүйелі істер атқарылып келеді

Облыста ішкі аймақтық өнімнің – 35, өнеркәсіп өндірісінің 70 проценті мұнай-газ саласына байланысты. Мұнай өндіру көлемі соңғы жылдары төмендеп кетті. Осыған байланысты индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру міндеті жүктеліп отыр. Тарих қойнауына еніп бара жатқан  2019 жылы бұл  міндетті сәтті жүзеге асырудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізіліп,  біршама динамикалық өсу көрсеткіші қамтамасыз етілді.

Мысалы жылдың 10 айы қорытындысымен облыс бұл бағытта республика бойынша даму қарқыны жоғары ай­мақтар қатарына қосылды. Өнер­кәсіптің шикізаттық емес сек­торындағы өнім өсімі  5,4 процентті құрап, жұмыспен қам­тылғандар саны – 71%, ал шикізаттық емес экспорт көлемі 49 проценттен асты.

 Аймақта      Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес­жылдығы аясында жалпы құны 568 млрд теңгеден асатын 28 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күнге дейін оның 8-і іске қосылған. Өткен жыл соңында  Шиеліде іске қосыл­ған тампонажды цемент зауыты биылғы жылы жобалық қуатында жұмыс істей бастады. Бүгінде зауыт 6 түрлі өнім шығаруда. Көршілес облыстарға 320 мың тоннадан астам цемент өткізілсе, 26,4 мың тоннасы Өзбекстан Республикасына экспортталған. Ал «Арал тұз» АҚ екі бірдей испан цехын іске қосу нәтижесінде өнімнің 75 процентін экспортқа шығаруға қол жеткізді. Бұдан бөлек, британдық инвесторлармен бірлесіп, жүзеге асырылып жатқан «Баласауысқандық» ванадий кен орнынан 10 айда 203 тонна өнім экспортталды.

Шиелі ауданына қарас­ты 14-бекеттен бой көтерген «Baikonur Solar» күн электр станциясы Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылды. Жобалық құны  23 млрд теңгеге бағаланған бұл нысан күн көзінен қуат алып, сағатына 50 мВт-ға дейін жарық беруге әлеуетті. Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы және өз құнын толық ақтайтын тиімді қондырғы. Ал артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатынында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес. Оның іске қосылуы еліміздегі жаңартылған энергия көздерінің үлесін арттыру, «жасыл» экономикаға көшу бағытында жасалған зор қадам саналады. Мұнда 23 адам жұмыспен қамтылады. Жалпы құны 646 млн теңгені құрайтын 5 кәсіпорын (3 күріш өңдеу цехы, балық және әк өндірісі) іске қосылып, 177 жұмыс орны құрылғанын атап өткен жөн.

Қызылорда қаласының Титов шағын ауданындағы индус­триялық аймақта еліміздегі ірі инвестициялық жобалардың бірі саналатын шыны зауыты құрылысы жүруде. Жалпы құны 42,1 млрд теңгені құрайтын, заманауи технологиялармен жабдықталатын зауыт іске қосылған жағдайда жыл сайын 197 мың тоннадан астам табақша шыны шығармақ. Оның іске қосылу мерзімі 2020 жылдың шілде айы деп белгіленген. Қазір күні оның құрылысына  270-тей адам атсалысып жатса, зауыт іске қосылған соң 230 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Қазіргі таңда  «Шалқия» кен орнын игеру, кальцийленген сода жобалары бойынша жұмыстар жалғасуда. Оған қоса, биылғы жылдың мамыр айында өңірімізде ет ком­би­натының құрылысы бас­талды. Қуаттылығы жы­лына 5 мың тонна етті өң­дейтін комбинат экспортқа бағыт­талған, өнімі вакуумды қап­тамада шығарылатын ірі кәсіп­орынның бірі болмақ. Қар­мақшы ауданындағы құс фабрикасының құрылысы жал­ғасуда. Жалағашта күн электр станциясы салынып жатыр.

Облыста инвестиция тарту бағытындағы шаралар тоқтау­сыз жүргізіліп келеді. Олардың арасында жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі Халықаралық «Baikonyr Invest» инвестициялық фору­мы­ның шоқтығы биік.  Мә­се­лен, қараша айының со­ңында өткізілген ХІ Халық­аралық «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы ая­сында жалпы құны 100 млрд теңгені құрайтын 24 меморандум мен 1 келісім-шартқа қол қойылды. Қызыл­орда облысының 2020 жылға бекітілген инвестиция тарту межесі – 481 млрд теңге. Осы межені орындауға өткі­зілген форумдарда жаса­лынған келісім-шарттар  сеп­­тігін тигізетін болады. «Қызылорда қаласында шыны-пластикалық желілік және сорғы-компрессорлық жо­ға­ры қысымды құбырларды өндіру зауытының құры­лы­сы» жобасы бойынша келісімге биылғы жылғы форумда қол қойылса, Жаңақорғанда  күн электр станциясын салу келі­сімі өткен жылғы форумда жасалған болатын.

Ел экономикасының ілгері жылжуына үлес қосатын Үдемелі индустриялық-инновация­лық даму бағдарламасы аясында облыста биыл бірқатар нысан іске қосылып, халыққа қызмет етуге кіріссе, келесі жылы бұл игілікті іс жалғасын табатын болады.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

[/hide]

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<