Кәсіпкерлер жұмысы жандануда

462

0

Өткен жылы басталған пандемияға байланысты облыс әкімінің бастамасымен өңірлік деңгейде «Облысты 2023 жылға дейін экономикалық дамыту жоспары» іске асырылуда. Бұл құжат өз кезегінде қызметі тоқтатылған кәсіпкерлік субъектілерін қайта жандандыруда тиімділігін көрсетіп келеді.

Осы қолдау шараларымен қоса өңір кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсету мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» платформасы іске қосылып, жыл ішінде кәсіпкерлерге шамамен 13 500 қызмет көрсетті. Көрсетілген қолдау шараларының арқасында пандемия салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметі толыққанды қайта іске қосылып, жандандырылды. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен облыста шағын және орта кәсіпкерлікте тіркелгендер саны 4,3 пайызға ұлғайып, 54 700 құрады. Оның ішінде белсенді кәсіпкерлердің саны 5,1% артты.
Айта кету қажет, өңіріміз Республика көлемінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің өсім қарқыны бойынша бірінші, ал белсенді субъектілер бойынша екінші орында орналасқан. Облыста өткен жылы кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 4 пайызға ұлғайып, 95 929 адамға жетті.

Биылғы жылға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін бюджеттен 6 млрд. жуық теңге қаржы қарастырылды. Атап айтсақ, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 2,6 млрд. «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 млрд., «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына 300 млн. теңге бөлінді.

Мұнан бөлек «Қарапайым заттардың экономикасы», «Жеңілдікпен несиелендіру», «Даму-Сырдария» бағдарламалары да іске асырылмақ. Микро және шағын бизнесті дамыту мақсатында қала және аудандармен бірлесіп, шағын өнеркәсіптік аймақтар құру мәселесі қолға алынатын болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<